Ташкент қаласы әкімшілігінің ботына келіп түскен құрылысқа қатысты өтініштердің көптігіне байланысты тұрғындарға қолайлылық жасау мақсатында, құрылысы уақытша тоқтатылған фирмалар мен компаниялардың жай-күйін онлайн режимінде тексеруге болатын жаңа парақша ашылды.
Енді кез келген азамат құрылыс компанияның атын енгізу арқылы оның қызметі уақытша тоқтатылған-тоқталмағанын санаулы секундтарда біле алады.
Құрылыс ұйымдарының жай-күйін мына сілтеме (https://shr-tashkent.uz/qurilish) арқылы тексеруге болады.