АКТ саласында кадрларды даярлаудың үздіксіз жүйесі жолға қойылды

    Білім 8 Yanvar 2022 1290

    Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында кадрларды даярлаудың үздіксіз жүйесі жолға қойылды.

    Бұл жүйе арқылы мектеп жасынан бастап оқушылар осы салаға тартылып, қызығушылықтары қолдап-қуатталуда.

    2020 жылы 14 тірек ІT мектебі ашылған, ал 2021 оқу жылынан бастап тағы да 86 мектеп жұмыс істей бастады. Оларда ақпараттық технологияларды тереңдетіп оқыту үшін барлық қажетті жағдай жасалып, материалдық-техникалық базамен қамтамасыз етілді.

    Осы мектептерге Мемлекеттік тестілеу орталығымен ынтымақтастықта оқушылар 5-сыныптан емтихан негізінде таңдап алынады. Бүгінде оларда 4 мыңнан астам оқушылар білім алуда.

    2023 жылға дейін олардың саны 205-ке жеткізіліп, 30 мыңнан астам оқушы цифрлық технологияларға тереңдетілген жағдайда білім алады.

    Сонымен қатар, 205 цифрлық технологияларды оқыту орталығы арқылы тыңдаушылар компьютерлік сауаттылық, бағдарламалау негіздері, робототехника, веб және мобильді қосымшаларды әзірлеу, цифрлық кәсіпкерлік негіздері және басқа да бағыттар бойынша оқытылады.

    Сонымен қатар, еліміздің 14 аумақта «ІT» техникумдарының қызметі жолға қойылып , оларда бағдарламалық инжиниринг, компьютерлік инженерия, ақпараттық қауіпсіздік, телекоммуникация технологиялары сияқты мамандықтары бойынша 8 мыңға жуық оқушы білім алуда.

    Аталмыш техникумдардың жақсы бітірген түлектері өз мамандығына орай бакалавриат білім бағыттары бойынша оқуға кіру емтиханынсыз жеке сұхбаттасу арқылы жоғары оқу орнының 2- курсында оқуын жалғастыру құқығына ие болады.

    Бұдан тыс, Мухаммад әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті мен оның 6 аймақтық (Нөкіс, Үргеніш, Қаршы, Самарқант, Ферғана, Нұрафшан) филиалдарында жоғары білімді білікті кадрларды даярлап келуде.

    Мухаммад әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университетінде 15 бакалавриат білім бағыты мен 33 магистратура мамандығы бойынша кадрлар даярау жолға қойылған.

    Сонымен қатар, филиалдар 5 бакалавриат бағыты бойынша және 3 магистратура мамандығы бойынша кадрлар дайындайды.

    Бүгінгі таңда Мухаммад әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті мен оның филиалдарында 1000-ға жуық профессор-оқытушы, жалпы саны 21 мыңнан астам студент еңбек етеді.

    Цифрлық технологиялардың даму тенденциясына байланысты ағымдағы оқу жылында университетте жасанды интеллект, мехатроника және робототехника, киберқауіпсіздік инженериясы сияқты жалпы 10-нан астам жаңа бағыттар ашылды.

    Сонымен қатар, Мухаммад әл-Хорезми атындағы Ташкент ақпараттық технологиялар университеті мен оның филиалдары жанында 6 академиялық лицейдің «Анық пәндер-1 (техника)» және «Анық пән-2 (экономика)» бағыттарында бүгінде 3 мыңға жуық оқушы білім алуда.

    Сонымен қатар, «ІT» саласы үшін шетелдік жоғары оқу орындары тарапынан да кадрлар даярлау жолға қойылған.

    Ташкенттегі Инха университетінде 2 бакалавриат (есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, логистика) және 1 магистратура (цифрлық трансформация) бойынша жалпы 1709 студент білім алуда. Сонымен бірге бұл студенттерге 36 профессор-оқытушы дәріс береді.

    Ташкент қаласындағы Амити университетінде 5 (экономика, туризм менеджменті, бизнесті басқару, ақпараттық технологиялары, компьютер пәндері мен инженеринг) бакалавриат бағыты және 1 магистратура (ақпараттық технологиялар) магистратура мамандығына жалпы 1000-ға жуық студент білім алуда. Бұл ретте, студенттерге 23 профессор-оқытушы сабақ береді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates