Оған Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрі Шерзод Шерматов пен ЕҚДБ-ның Телекоммуникация, медиа және технологиялар секторының басшысы Дерк Уернер қатысты.
Кездесу барысында АКТ министрі Өзбекстанды аймақтық ІТ орталығына айналдыру ақпараттық технологиялар бағытын негізгі драйвер салаға айналдыруда жүйелі істер жүзеге асырылғанын айтты.
Ол сонымен қатар пандемия кезінде үйде жұмыс істеуге сұраныстың артқанын және осы кезеңде елімізде де аутсорсингтік қызметтердің (BPO және KPO) дамығанын атап өтті. Шетелдік компаниялардың қатысуымен BPO қызметтерін дамыту және осылайша IT өнімдері мен қызметтерінің экспортын арттыру, жастарды АКТ саласына кеңінен тарту және жоғары ақы төленетін жұмыс орындарымен қамтамасыз етуді тілге тиек етті.
Кездесу барысында Еуропа тіктелу және даму банкінің өкілдері елімізде ақпараттық технологиялар мен коммуникацияларға жоғары көңіл бөлінетінін атап өтті.
Кездесуде цифрлық экономика аясында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, Өзбекстанда кең жолақты байланыстарды кеңейту мәселелеріне көңіл бөлді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.