Австриямен инвестициялық, сауда-экономикалық және қаржылай ынтымақтастық мәселелері талқыланды

    Үстіміздегі жылғы 5 август күні Өзбекстан Республикасының Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрі Лазиз Кудратов Австрия Қаржы министрінің орынбасары Андреас Рейхардтпен онлайн режимінде кездесу өткізді.

    Инвестициялық, сауда-экономикалық және қаржылай байланысқа қатысты екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Тараптар елдер арасындағы қарым-қатынастардың қазіргі жағдайы мен оны одан әрі дамыту болашағы туралы пікір алмасты.

    Кездесу аясында тараптар инновациялық технологиялар, озық тәжірибе және экономикалық байланыс саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

    Кездесу соңында тараптар Австрияның іскер топтарын Өзбекстанда жасалған қолайлы іскерлік орта туралы хабардар етуге, сондай-ақ елдеріміздің сауда-экономикалық, қаржылық және инвестициялық салалардағы ынтымақтастық әлеуетін көрсетуге бағытталған жұмыстарды жалғастыруға ниетті екенін растады, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates