Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының кезекті мәжілісінде айтылды.
Сайлау кодексінің 69-бабына сәйкес сайлауға қатысатын партиялардың тізімі өтініштердің келіп түсу тәртібімен орталық баспасөзде жарияланатыны атап өтілді.
Сондай-ақ саяси партиялардан құжаттардың келіп түсу тәртiбi негізінде, саяси партияларға Олий Мажлистің Заң шығару палатасы мен жергiлiктi Кеңестердiң депутаттарын сайлауға мынадай ретпен қатысуға рұқсат беру туралы шешiм қабылданды:
Оған сәйкес Өзбекстандағы 5 саяси партияға сайлауға қатысуға рұқсат берілді.
Өзбекстандағы саяси партиялар:
— Либерал-демократиялық партиясы;
— «Миллий Тикланиш» демократиялық партиясы;
— Экологиялық партия;
— Халық демократиялық партиясы;
«Адолат» социал-демократиялық партиясы.
Заң шығару палатасы депутаттарының бірыңғай сайлау округі бойынша сайлауына сайлау бюллетеніне оған қатысатын саяси партиялардың аты мен рәміздік белгісі олардың сайлауға қатысуға рұқсат етілген кезегіне сәйкес реттілікпен енгізіледі.