Өзбекстан – бақытты балалар елі

    Денсаулық сақтау министрлігінің ақпарат қызметі «1 июнь – Халықаралық балаларды қорғау күніне!» орай жүйедегі жаңа буын өкілдерінің денсаулығын нығайту бағытында атқарылып жатқан жұмыстары туралы есебін жариялады.

    Онда айтылуынша, Өзбекстанда бүгінде 18 жасқа дейінгі ұл-қыздар саны 12 миллионға жуықты құрайды. 235 балалар ауруханасы олардың денсаулығын жақсартуға жауапты. Оның 23-і республикалық, 212-сі облыстық, аудандық және қалалық деңгейдегі медициналық мекемелері саналады.

    Елімізде республикалық және аумақтардағы перинаталдық орталықтары, сондай-ақ балалар көпсалалы медициналық орталықтарында, жалпы 29 жедел перинаталдық және педиатрлық мобильді кезекші реанимациялық бригадалары қызметі жолға қойылған.

    Сондай-ақ сәбилердің есту кемістіктерін аудиоскрининг арқылы ерте анықтау және ерте емдеу бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

    Бастапқы медициналық жүйеде репродуктивті жастағы әйелдерді, жүкті әйелдерді, жаңа туған нәрестелерді және балаларды патронаждау жүйесі жолға қойылған.

    Отбасылық емханаларда репродуктивті денсаулық және қауіпсіз аналық бөлмелері, пренаталдық диагностика, сондай-ақ аудандық және қалалық орталық көптармақты емханаларда балалар бөлімдері ұйымдастырылған.

    Балаларда D дәруменінің жетіспеушілігі мен тапшылығының алдын алу мақсатында да профилактикалық шаралар жүргізілуде. Сондай-ақ, Әндіжан және Жызақ облысында А дәрумені тапшылығына қарсы саплементация бағдарламалары жалғасуда.

    Сондай-ақ туа біткен жүрек ақауы бар 2000 балаға ота жасау үшін мемлекет тарапынан 64 миллиард сум бөлініп, бірқатар күрделі операциялар жасалуда.

    Сонымен қатар, балалардың ақыл-ойы мен дене бітімі, саналы және салауатты дамуы, нәрестелердегі тума кемістіктердің алдын алу, олардың кемел өсуі үшін жүйелі іс-шаралар жалғасын табады.

    Әрине, мұндағы түпкі мақсаты – Өзбекстанды толық бақытты балалар еліне айналдыру, – делінген министрліктің хабарламасында.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates