Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара, Науаи, Қашқадария, Сұрхандария облыстарында жауын-шашын күтілмейді. Солтүстікте және шөлді аймақтарда жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң-тозаң болуы мүмкін. Күндіз ауа температурасы 20-25°-тан аспайды.

Ертең оңтүстік орталық және шығыс аудандарда жаңбыр жауады, бұлттардың келесі бөлігі Түрікменстаннан келеді. Қарақалпақстан Республикасында, Хорезм, Бұхара, Науаи облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республиканың барлық аймақтарында жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерде шаң көтеріледі деп күтілуде. Ауа температурасы түнде 5-10°, күндіз 15-20° дейін төмендейді.

Сәрсенбі күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр жауады, таулы аймақтардың кей жерлерінде қатты жауады да, биік тауларда жаңбыр қарға айналуы мүмкін. Тек Қарақалпақстан Республикасы мен Хорезм облысында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы түнде 5-8 градус жылы, солтүстікте кей жерлерде 0-2 градус суық, күндіз 13-18 градусқа дейін төмендейді.

Бейсенбі және жұма күндері Өзбекстанда жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Түнде ауа температурасы ең төменгі деңгейге жетіп, 3-5 градус шамасында болса, күндіз күн сәулесінің қызуы нәтижесінде 17-22 градусқа дейін көтеріледі, деп хабарлайды Өзбекстанның Гидрометеорологиялық қызмет орталығы.