Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауыты “ISO 45001: 2018” халықаралық стандарты бойынша платина сертификатын алды

    Іс-шаралар 26 Aprel 2022 1703

    2022 жылдың март айында Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытында «Management Certification» сертификаттау органының Өзбекстан мен Италиядағы аудиторлары және Грецияның аккредитациялау бойынша органы мамандарының қатысуымен “ISO 45001: 2018” халықаралық стандарты (денсаулықты сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету стандарты) бойынша сыртқы қайта сертификаттау аудиті өткізілді.

    Аудит барысында Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытының жұмысшылары басқару қағидаларының талаптарына сай жоғары біліктілігін көрсетті.

    Зауыттағы жұмысты жоғары деңгейде ұйымдастырғаны, қауіпсіз еңбек жағдайын жасағаны, жүйені үздіксіз жетілдіріп отырғаны үшін Еуропа органдары тарапынан «Платина» сертификатымен марапатталды.

    2022 жылдың 21 апрелінде «Management Certification» жауапкершілігі шектеулі қоғамының директоры Бұхара мұнайды қайта өңдеу зауытының басшысына кәсіпорынның денсаулық сақтау және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету жүйесінің “ISO 45001: 2018” халықаралық стандартына сәйкестігі туралы платина сертификатын тапсырды, деп хабарлайды «Узбекмұнайгаз» АҚ баспасөз қызметі.

    Бұл сертификатты алу инвесторларды тарту үшін жарқын болашақты жаратады, сондай-ақ еліміздің және мұнай-газ өнеркәсібінің әлемдегі деңгейін одан әрі арттыруға мүмкіндік береді.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates