Бұл туралы парламенттің төменгі палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Құжатта қоқыс төлемдерінен қарызы болғандарды  SMS арқылы хабардар ету, ал егер қарызы туралы хабарлама алғаннан кейін төлемеген жағдайда электр энергиясы төлемдерін қабылдауға уақытша шектеу қойылады.

Мәліметтерге қарағанда, тұрмыстық қалдықтарды жинау және шығару бойынша тұрғындарға көрсетілген қызметтер үшін дебиторлық қарыз қазірде 596 миллиард сумды құрап, жыл басынан салыстырғанда 115 миллиард сумға артқан. Қарыздарлықты өндіру туралы арызды сотқа беру бойынша Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігінің аумақтық органдарына жүктелген міндет те іс жүзінде өз нәтижесін бермей жатыр.

 “Миллий тикланиш”  демократиялық партиясы фракциясының жиналысында бұл мәселеге баса назар аударылып, азаматтар арнайы ескертуден кейін де қоқыс бойынша берешегін өтемейтін болса, қоқыс бойынша қарызды төлемейінше электр энергиясы төлеуін жүзеге асырмау ұсынылатыны айтылды.

Талқылау барысында фракция мүшелері заң жобасының мән-жайына тоқталып, оған енгізілген кейбір нормалар бойынша заң бастамашыларынан ескертулер сұрады. Атап айтқанда, электр тармақтары мен тұтынушылар арасында жасалған келісімшарт заң жобасы қабылданғаннан кейін  тағыда қайтадан жасалады, деген сұрақ көтерілді.

Барлық қойылған сұрақтар бойынша Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрі Азиз Абдухакимов жан-жақты түсіндірме берді.

Жиналыста айтылған ұсыныстар заң жобасын пысықтау кезінде ескерілетін болады.