«Узгидромет» агенттігінің хабарлауынша, 6-7июнь күндері республика аумағына салыстырмалы түрде салқын және ылғалды ауа массалары кіре бастайды. 6 июньде Қарақалпақстан Республикасы, Хорезм, Бұхара, Науаи, Самарқант, Қашқадария облыстарында, 7 июнь Ташкент, Сұрхандария облыстарында және Ферғана аңғарының облыстарында кейбір жерлерде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін.
Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі күтілуде. 6 июньде солтүстікте, оңтүстікте және шөлді аймақтарда, ал 7 июнь орталық және шығыс облыстарда ауа температурасы 28-33 градусқа дейін, жауын-шашын кезінде 25-27 градусқа дейін төмендейді. 8 июньде Өзбекстанның барлық аумағында жауын-шашын болмайды, ауа температурасы 2-3 градусқа көтеріледі.
Республика бойынша кей жерлерде желдің жылдамдығы 13-18 м/с күшейеді, кейбір жерлерде шаң-тозаң болады деп күтілуде. 5-6 июньде кей жерлерде 20-22 м/с күшеюі мүмкін.
Ташкентте: бүгін күндіз ауа райы көшпелі бұлтты болады, жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 36-38 градус болады. 6 июньде ауа райы құбылмалы болады, жауын-шашын күтілмейді. Жел 13-18 м/с күшеюі мүмкін. Ауа температурасы 33 градус шамасында болады. 7 июнь қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай болуы мүмкін. Ауа температурасы 27-29 градус ыстық болады. 8 июньде жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы 33-35 градус болуы күтілуде.