Мемлекеттік басқаруда жұртшылықтың қатысуын кеңейту елді тұрақты дамуытудың маңызды шарты

    Ел назарында 27 Noyabr 2023 1365

    Хабарланғандай, елімізде Тұрақты даму мақсаттарының айлығы өтіп жатыр. Осыған орай, Сенатта конференция ұйымдастырылды.

    Онда Тұрақты даму үшін тыныш және ашық қоғамға көмектесу, барша әділ сотты пайдалануды қамтамасыз ету және тиімді, есеп беретін және кеңінен қатысуға негізделген институттарды жаратуға көмектесу мәселесіне назар аударылды.

    Шараға сенаторлар, депутаттар, министрліктер мен кеңселер, сот және тағы басқа да құқық қорғау органдары, саяси партиялар, азаматтық қоғам институттары, халықаралық ұйымдар, БАҚ өкілдері мен сарапшылар қатысты.

    Парламент, министрлік пен кеңселердің өкілдері атап өткендей, сот жүйесінің шынында да тәуелсіздігін қамтамасыз ету бойынша маңызды қадамдар жасалып және әділ соттауға қолжеткізу кепілдігін күшейту мақсатында Жоғарғы Сот тарапынан бірқатар іс-шаралар жүзеге асырылды.

    Мемлекеттік органдар қызметінің ашықтығы мен жариялылығын одан әрі арттыруға бағытталған практикалық шаралардың арқасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте де елеулі өзгерістер байқалды.

    Сонымен қатар, әйел-қыздар мен балалардың құқықтарын қорғау, оларға қатысты қысым көрсету мен зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында бірқатар нормативтік-құқықтық құжаттар қабылданды.

    Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық фактілерін анықтау мақсатында қысқа нөмірлі «1259» байланыс орталығы іске қосылып, 8 мыңға жуық әйелге құқықтық және психологиялық көмек көрсетілді.

    Алғаш рет «Отбасылық зорлық-зомбылық» қылмыс ретінде қаралып, оны жасаған тұлғаларға әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік нормалары белгіленді.

    Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан мемлекеттік басқаруға жұртшылықтың қатысуын кеңейту бойынша белгілі бір іс-шаралар жүргізіліп жатқаны, мұның нәтижесінде халықтың әлеуметтік-саяси үдерістердегі белсенділігі артқаны айтылды.

    Атап айтқанда, «regulation.gov.uz» нормативтік-құқықтық құжаттарды талқылау порталында бүгінге дейін талқылауға қойылған 21 408 нормативтік-құқықтық құжат жобасы бойынша азаматтардан 61 778 ұсыныс түскен.

    Талқылау барысында Өзбекстанда жүзеге асырылған бірқатар реформалар әлемдік қауымдастық тарапынан мойындалғанына ерекше тоқталды.

    Конференцияда еліміздің тұрақты дамуында заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқаруға жұртшылықтың қатысуын одан әрі кеңейту, зорлық-зомбылық, әсіресе әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алу маңызды фактор екендігі баса айтылды.

    Шара соңында қатысушылар тарапынан Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудегі мемлекеттік басқару органдарының қызметі туралы жұртшылықты жүйелі түрде хабардар ету, қысым көрсету және зорлық-зомбылық құрбаны болған әйелдер мен балалар мүддесін дер кезінде қорғау механизмдерін жетілдіру, ұйымдасқан қылмысқа қарсы күресте жұртшылықтың көмегінен пайдалану сияқты бірқатар ұсыныстар берілді деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates