Енді жер учаскесін қашықтықтан жекешелендіруге болады

    Цифрландыру 16 May 2022 2771

    Министрлер Кабинетінің 14 февральдағы 71-санды қаулысымен жеке және заңды тұлғалар өздеріне тиісті жер учаскелерін жекешелендіре алады.

    Азаматтарымыздың жеке тәртіптегі тұрғын үй, ал заңды тұлғалардың тұрғын үй емес ғимарат-кешендері бар. Енді олар өздерінің жылжымайтын мүліктерін – жер телімдерін (көпқабатты үйлерден басқа) кадастр құжаттарын ресімдеу арқылы жекешелендіруі мүмкін (егер ғимарат кадастрдан өтпеген болса, жер жекешелендірілмейді).

    Осы уақытқа дейін азаматтарға тиісті тұрғын үйі бар жер учаскелерін, өмір бойы иелену үшін мұраға қалдырылған жер учаскелерін, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын тұрғын емес нысандарды тұрақты пайдалану құқығы беріледі. Яғни, ғимарат өзіңізге тиісті болса да, оның жері мемлекеттікі болатын.

    Енді осы жер учаскелерін жекешелендіру үшін жеке және заңды тұлғалар my.gov.uz сайты арқылы онлайн өтініш бере алады. Келіп түскен арыз Кадастр агенттігіне және Құрылыс бөлімдеріне жіберіледі. Кадастр бөлімдері жер учаскесінің арыз берген азаматтың атына ресімделген ба, жоқ па немесе тіркеуден өткізілгенін тексереді. Мұнда осы жер учаскесі өзгермегені, бүгінде реестрде тұрғаны, тыйымдар мен шектеулер бар ма, қысқасы, жекешелендіруге кедергі келтірмейтін тұстары тексеріледі.

    Ал құрылыс бөлімдері жер учаскесі аумақтың қалақұру стандарттарына сәйкестігін үйренеді. Барлық тексерулерден өткен азаматқа жекешелендіру туралы хабарнама жіберіледі және өтініш беруші төлем жасайды.

    Жерді жекешелендіру үшін қанша қаржы төленеді?

    Арызды қарау үшін 24300 сум көлемінде алым алынады.

    Бұл ретте, жер учаскесін жекешелендіру үшін дифференциалды төлем алынады.

    Бұл қалай есептеледі?

    Барлығымыз жер учаскесіне жер салығын төлейміз. Меншік иелері үшін жекешелендіру төлем жер учаскесінен алынатын салық сомасының көлемі 20 есесі деп белгіленген.

    Мысалы, егер азамат бір жер үйге жылына 100 мың сум салық төлесе (мұнда мал-мүлік салығына қосып есептелмейді, сондай-ақ жер учаскесіне төленетін салыққа қарап есептеледі) жекешелендіру үшін 2 миллион сум төлеу жүзеге асырылады. Содан соң сол жер учаскесіне мемлекеттік ордер беріледі. Осы ордер негізінде кадастр органдары жер учаскесіне қатысты мүлік құқығын мемлекеттік тіркеуден өткізеді.

    Бұл маңызды!

    Әрбір жеке және заңды тұлға өзіне тиесілі жер учаскесін тек өзі ғана сатып алады. Оны аукционға қоюға және оны басқа тұлға сатып алуға немесе басқа тұлғаға беруге болмайды.