Мемлекет басшысы АИИБ Басқарушылар кеңесінің ашылуына қатысты

    Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев 25 қыркүйек күні Самарқанд қаласында өтіп жатқан Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі (АИИБ) Басқарушылар кеңесінің IX жылдық отырысының ашылу сессиясына қатысты.

    Саммиттің басты тақырыбы – «Баршаға тұрақты инфрақұрылым жасау». Күн тәртібінде жаһандық экономика мен қаржы саласындағы өзекті мәселелер, Азия және басқа да өңірлердегі инфрақұрылымды дамытудың стратегиялық бағдарламалары мен жоспарлары талқыланды.

    Мемлекет басшысы отырыста сөз сөйледі.

    - Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкі Басқарушылар кеңесінің жылдық отырысы өңірімізде алғаш рет өткізіліп отыр. Бұл үшін Өзбекстанның таңдалуы өзара құрмет пен сенімге негізделген ынтымақтастығымыздың жоғары үлгісі деп санаймыз, - деді Шавкат Мирзиёев.

    Өзбекстан басшысы қазіргі уақытта әлемде күрделі геосаяси жағдай сақталып отырғанын, жаһандық экономикадағы тұрақсыздықтың күшейгенін, азық-түлік пен энергия ресурстарының тапшылығы артып, экологиялық мәселелердің күрделеніп бара жатқанын атап өтті.

    Жер бетінде халықтың төрттен бірі таза ауыз су тапшылығын көріп отыр, ал шамамен 800 миллион адам аса кедейлік жағдайында өмір сүріп жатыр.

    Тауар жеткізу тізбегі бұзылып, шикізат пен тұтыну тауарларының қымбаттауына әкеліп соқты.

    Мұның бәрі инфрақұрылымға түсетін жүктемені күрт арттырады және экономикалық дамуға кедергі келтіреді.

    2030 жылға дейін әлемде жаңа инфрақұрылым жасау үшін 15 триллион доллар инвестиция қажет, ал шетелдік инвестициялар ағыны соңғы екі жылда жылына 10 пайызға азайып, қаржылық ресурстардың құны екі есе өсті.

    Осындай жағдайда халықаралық қаржы ұйымдарының рөлі артып келеді.

    Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің жобалық портфелі 55 миллиард долларды құрайтынын және қысқа мерзімде банк жетекші қаржы институттарының біріне айналғаны айтылды.

    Президент Жаңа Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан реформалар мен жаңарулар саясатына тоқталып өтті.

    Экономикаға еркіндік беру, халықтың өмір сүру деңгейі мен табысын арттыру бағыттарына ерекше назар аударылғаны сөз болды. Халықаралық қаржы институттарымен, соның ішінде АИИБ-пен ынтымақтастықтың басым бағыттары белгіленді.

    Ең алдымен кәсіпкерлікті қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру, халықтың табыс көздерін арттыру, сапалы білім мен медициналық қызметтерге қолжетімділікті кеңейту, тұрғын үй жағдайын жақсарту, әлеуметтік қорғауды күшейту және шалғай аудандарда инфрақұрылым желілерін құру арқылы «көп өлшемді» кедейлікті азайту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

    Сондай-ақ, адам капиталын дамыту жобаларын ынтымақтастықтың мүмкіндікті бағыты ретінде белгілеу ұсынылды.

    Мемлекет басшысы форумның негізгі тақырыбын ескере отырып, тұрақты инфрақұрылымды құру саласында халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық бойынша үлкен тәжірибе жинақталғанын атап өтті.

    Өзбекстанда 2030 жылға дейін 30 миллиард долларлық мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларын іске асыру бағдарламасы қабылданды.

    Атап айтқанда, Ташкент-Самарқанд және Ташкент-Әндіжан ақылы автомобиль жолдарын салу, Ташкент-Самарқанд, Самарқанд-Нaуаи-Бұхара жоғары жылдамдықты темір жолын құру, 6 халықаралық әуежайды жаңғырту және басқа да маңызды жобалар жүзеге асырылады.

    Осы бағытта Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен (AIIB) орта қалаларды дамыту және ауылдық жерлерде инфрақұрылымды жақсарту бойынша ынтымақтастық орнағанын ерекше атап өтті.

    Тағы бір басым бағыт – «жасыл» экономиканы жедел дамыту. 2030 жылға қарай Өзбекстанда «жасыл» энергияның үлесін 40 пайызға жеткізу жоспарланған.

    Алдағы жылдары күн, жел және су электр станциялары, сондай-ақ инфрақұрылым нысандары мен желілері салынады.

    Сондай-ақ ірі «жасыл» деректер орталықтарын құру көзделген. Бұдан бөлек, жаңартылатын энергия көздері арқылы «жасыл» сертификаттар нарығы қалыптастырылады.

    Өзбекстан Президенті Орталық Азияны «жасыл» энергияның ірі экспорттаушысына айналдыруға бағытталған ауқымды жұмыстарды ерекше атап өтті. Оның бір мысалы ретінде Транскаспий энергетикалық көпірінің құрылысы аталды.

    Осыған байланысты Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен ынтымақтастықта Орталық Азияда «жасыл» энергетиканы дамыту бағдарламасын жүзеге асыру ұсынылды.

    Сонымен қатар, ірі өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру қажеттілігінің артып келе жатқанына назар аударылды.

    Бұл бағытта «Қытай-Қырғызстан-Өзбекстан» теміржолының құрылысы мысал бола алады.

    Осы сәтте Орталық Азияда азық-түлік қауіпсіздігі мен су ресурстары тапшылығы мәселелері күрделеніп отыр.

    Осыған орай, Мемлекет басшысы Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкімен бірлесіп су үнемдеу технологияларын кеңінен енгізу үшін Өңірлік орталық құру бастамасын көтерді.

    Президент АИИБ-тің Өзбекстанның тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуіне қосқан үлесін жоғары бағалады. Бүгінгі таңда инфрақұрылым, энергетика, көлік, сумен жабдықтау және жеке секторды қолдау салаларындағы бірлескен жобалар портфелі 3 миллиард доллардан асты. Сондай-ақ, 4 миллиард доллар көлеміндегі жаңартылған бағдарламаны жүзеге асыру туралы келісімге қол жеткізілді.

    - Алдағы екі күнде банк басқарушылары алдында жаһандық және өңірлік мәселелерге заманауи көзқараспен шешім табу, жаңа жобалар мен бағдарламаларды талқылау сияқты маңызды міндеттер тұр. Сіздер қабылдайтын шешімдер банкке мүше елдерде тұратын 6 миллиардтан астам адамның күнделікті өміріне тікелей әсер етеді, – деп сөзін қорытындылады Президент Шавкат Мирзиёев.

    Мемлекет басшысы саммит жұмысына табысты тіледі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates