Президент кәсіби білім беруді дамыту жөнінде ұсыныстар тұсаукесерімен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев 24 қыркүйек күні кәсіби білім беру мен ұлттық біліктілік жүйесін дамыту жөнінде ұсыныстар тұсаукесерімен танысты.

    Бұл туралы биыл 5 ақпанда әлеуметтік салалар бойынша өткен видеоселектор жиынында тапсырма берілген еді. Өткен уақыт ішінде жүйенің тиімділігі сынға алынып, қосымша шаралар әзірленді.

    Қазіргі уақытта кәсіби білім беру жүйесі үш түрлі мекеме: 333 өнер кәсіп мектебі, 227 техникум және 112 колледжден тұрады. Олардың арасында үйлесімділік пен бағдарламалардың байланыссыздығы салдарынан бар күш-жігерді тиімді пайдалану мүмкін болмай отыр.

    Сондықтан, бұл үш түрдегі оқу орындары негізінде техникумдар желісін дамыту ұсынылуда. Оған сәйкес, 600 техникум ашылады. Ыңғайландыру нәтижесінде босайтын 71 оқу орны мектеп болып, 42 мың жаңа оқушы орны пайда болады.

    Бұдан басқа, бұрын колледждер әр түрлі министрліктер мен ведомстволарға қарасты болды. Енді бұл жүйеде басқару, ұйымдастыру және әдістемелік тұрғыдан біртұтас мемлекеттік саясат Жоғары білім, ғылым және инновациялар министрлігі тарапынан жүзеге асырылатын болады.

    Заман талабына тез бейімделу үшін техникумдардың академиялық дербестігін кеңейту жоспарланған. Оқу мерзімі мен ұзақтығы кәсіптің қиындығы мен оқушының білім деңгейіне қарай белгілеу көзделген.

    Техникумдарда білім сапасы мен тартымдылығын арттыру мақсатында халықаралық білім бағдарламалары енгізілетін болады. Алдымен, тәжірибе ретінде 14 техникумда Англияның “BTEC” бағдарламасы іске қосылады. Бітіргендерге 70 елде танылатын диплом беріледі және 200-ден астам шетелдік университетке қабылдану мүмкіндігі ұсынылады. Нәтижеге қарай, бұл тәжірибе кезең-кезеңімен басқа техникумдарға да енгізілуі мүмкін.

    Қабылдау процесін жұмыс берушілердің талаптарына сәйкес ұйымдастыру да маңызды. Осы мақсатта электронды платформа құрылып, оған барлық министрліктер мен салалар қосылады. Техникумдардың білім бағдарламалары өнеркәсіп салалары, кәсіпкерлер одағы, ірі жұмыс берушілер және ұйымдармен келіскеннен кейін жүзеге асырылады.

    Тұсаукесерде Ұлттық біліктілік жүйесін реформалау мәселелері де қаралды.

    Кейінгі жылдарда осы салада белгілі бір жұмыстар атқарылды. Алайда міндеттер одан да көп. Мыңнан астам жұмысшы кәсібінің стандарты дайындалмаған. Кейбір мамандықтар бойынша біліктілік халықаралық талаптарға сәйкес келмейді.

    Сондықтан, енді Кәсіптік білік пен білімді дамыту республикалық кеңесіне Премьер-Министр жетекшілік етеді. Оның құрамында 24 жаңа сала кеңесі құрылатын болады.

    Сонымен қатар, Білім саласындағы жобалар офисінің жанында Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту институтының қызметі жолға қойылады. Институт дамыған елдердің тәжірибесіне негізделіп, Ұлттық біліктілік шеңберін жаңа редакцияда қабылдайды. Лауазым мен мамандықтар классификаторы қайта қаралып, 100-ден астам заманауи мамандықтар енгізіліп, қазіргі таңда қолданыста жоқтары шығарылады.

    Мемлекет басшысы техникумдарды құрал-жабдықтар мен еңбек құралдарымен қамтамасыз ету, заманауи талаптарға сай жұмысшы-мамандар даярлау, және бұл үшін практикалық тәжірибеге кең орын беру жөнінде өз пікірін білдірді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates