Тұрақты рейстер аптасына бір рет – бейсенбі күндері жүзеге асырылады деп жоспарлануда.
Ұшудың ашылуы Өзбекстан мен Иран басшылығы арасындағы, үстіміздегі жылдың сентябрь айында Иран Ислам Республикасының Президенті Иброхим Раийсидің елімізге ресми сапары кезіндегі қол жеткізілген келісімдердің нәтижесі болып табылады.
Атап айтқанда, сапар барысында Иран мен Өзбекстан арасында бірқатар визалық тәртіп-қағидаларын жеңілдету және туристер ағынын арттыруға бағытталған, туризм саласындағы ынтымақтастық бағдарламасы қабылданды.
“Qeshm Air” — штаб-пәтері Тегеранда орналасқан, 1993 жылы құрылған Иран әуе компаниясы жергілікті және халықаралық жолаушылар рейстерін, сондай-ақ чартерлік рейстерді жүзеге асырады.