Әкімнің көмекшісі лауазымында жоғары білімге ие болмағандар да істеуі мүмкін

    Ел назарында 6 Dekabr 2021 4047

    2021 жылдың 3 декабрінде Өзбекстан Республикасы Президентінің №ПФ-29-санды «Махаллада кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту және кембағалдықты азайту бойынша мемлекет саясатының үстем бағыттары туралы» Жарлығы қабылданды.

    Жарлыққа орай, 2022 жылы 1 январьдан бастап әрбір қалада, ауылда, сондай-ақ әрбір махаллада кәсіпкерлікті дамыту, тұрғындарды жұмыспен қамту және кембағалдықты азайту мәселесі бойынша аудан (қала) әкімінің көмекшісі лауазымы белгіленеді.

    Бұл лауазымға:

    - Экономикалық даму және кембағалдықты азайту, Қаржы, Жұмыспен қамту және еңбек қатынастары, Инвестициялар және сыртқы сауда министрліктері, Мемлекеттік салық комитеті, коммерциялық банктер, экономикалық және инвестициялық кешендерге кіретін және басқа да кеңселер, олардың аумақтық бөлімшелерінде бөлім бастығынан төмен болмаған лауазымда істейтін басшы қызметкерлер, сондай-ақ жергілікті әкімдіктердің басшы қызметкерлері тағайындалады;

    кандидаттар ашық байқау негізінде қабылданады;

    – кәсіпкерлер, басқа сала өкілдері, белсенді жастар, басшы лауазымында жұмыс істемеген қызметкер және жоғары мәліметке ие болмаған азаматтар да жұмысқа қабылдануы мүмкін.

    Жарлықта мыналар белгіленді:

    - Экономикалық даму және кембағалдықты азайту министрлігі жанындағы «Махаллабай» істеу және кәсіпкерлікті дамыту агенттігі және оның аумақтық басқармалары;

    - аудандық (қалалық) әкімдіктері құрамында заңды тұлға ұйымдастырылмаған жағдайда, «Махаллабай» істеу және кәсіпкерлікті дамыту орталықтары.

    Агенттiктiң директорын Министрлер Кабинетi лауазымға тағайындайды.

    Жарлыққа орай, «Янги Ўзбекистон ислоҳотчиси» төсбелгісі тағайындалды.

    Бұл төсбелгімен облыс әкімінің көмекшілері лауазымына тағайындалған және олардың қызметін тиімді ұйымдастыруға атсалысқан тұлғалар марапатталады.

    Сондай-ақ Жарлықпен әкімінің көмекшілері қызметін қолдап-қуаттау қоры құрылды, деп хабарлайды Әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    March 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates