Сондай-ақ, «Узбекнефтгаз» АҚ-ның басқару төрағасы Мехриддин Абдуллаевтың бастамасымен жүйедегі кәсіпорындардың қажеттіліктері үшін бұрын импорттан әкелінген өнімдерді өндіру бойынша жергілікті кәсіпкерлік субъектілерімен мүлдем жаңа әдіспен байланыс жолға қойылған. Осы істердің нәтижесінде үстіміздегі жылы «Узбекнефтгаз» АҚ-ның импортты қысқарту бағдарламасы аясында 47,5 миллион доллар эквивалентіндегі (жоспардың 122,3 пайызы) импортты қысқартуға қол жеткізілді.
Сонымен қатар, 25,5 миллион доллар (жоспардың 147 пайызы) жергілікті бағдарламада өндірілген өнімнің алдынғы импорттан сатып алынған бөлігі бойынша және 21,6 миллион доллар (101,7 пайыз) кооперация байланыстарын кеңейту есебіне дұрыс келеді.
«Узбекнефтгаз» АҚ жүйесiнде “сала-аймақ” қағидаты негізінде тікелей өндiрушi мен сатып алушы арасында ең қысқа мерзімде, ортада бірер бір делдалсыз байланысты жолға қою мәселесіне көңіл бөлінуде. Мұнда республика бірыңғай электрон кооперация порталы, қоғамның ресми-веб-сайтында сатып алулар, жергілікті және кооперация байланыстарға арналған бөлімдер, сондай-ақ басқа сатып алу порталдары негізінде ынтымақтастық үдерістері ұйымдастырылуда.
Нәтижеде 2022 жылдың январь-март айларында «Узбекнефтгаз» АҚ электронды кооперация порталы арқылы республиканың барлық облыстары, Қарақалпақстан Республикасы және Ташкент қаласы бойынша 100-ге жуық жергілікті тауар өндірушілерді қамтыған 206,8 миллиард сумдық 472 келісім шарт жасалды.
Қазіргі таңда «Узбекнефтгаз» АҚ жүйесінде жергіліктендіру, кооперация байланыстарын дамыту бағыттарында жүргізіліп жатқан істердің қарқыны күшейіп, мекендік істер жүзеге асырылуда, деп хабарлайды «Узбекнефтгаз» АҚ баспасөз қызметі.