Инвестициялық және сыртқы сауда қызметін ынталандыру бойынша іс-шаралары талқыланды

    Ел назарында 7 Noyabr 2022 1126

    Үстіміздегі жылдың 3 ноябрінде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрдің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі Жамшид Ходжаевтың басшылығымен инвестициялық және экспорт қызметінің бүгінгі жағдайы мен оны ынталандыру бойынша болашақтағы іс-шараларды талқылауға арналған бейнеконференция түрінде жиналыс өтті.

    Жиынға министрлік, кеңеслер, сала бірлестіктері, коммерциялық банктер сондай-ақ Қарақалпақстан Республикасы, облыстар және Ташкент қаласының жергілікті билік органдарының басшылары қатысты.

    Экспорт қызметінің ағымдағы көрсеткіштері өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 129 пайызға өскенімен, аумақтар мен салалар бойынша жүргізілген сыни талдаулар бірқатар кемшіліктерді көрсетті. Кәсіпкерлер мен экспорттаушыларды қолдап-қуаттау, олардың проблемаларын шешуде көмектесу жұмыстарының қанағаттанарлықсыз екенін ескере отырып, Қарақалпақстан Республикасы, Әндіжан, Бұхара, Жызақ, Қашқадария, Науаи, Наманган, Самарқант, Сырдария, Сұрхандария, Ферғана Хорезм облыстарының тиісті жергілікті билік органдары, сондай-ақ «Ўзтўқимачиликсаноат», «Ўзсаноатқурилишматериаллари» бірлестіктері, Бағдаршылық және жылыжай шаруашылығын дамыту агенттігі мен Фармацевтикалық салаларды дамыту агенттіктері басшыларының қызметі сынға алынды.

    Негізгі мақсат — проблемаларды дер кезінде шешу, шетелге өнімдерді жеткізіп беру көлемін ұлғайту және географиялық кеңейту, сондай-ақ жаңа кәсіпорындарды экспорттық қызметке тарту бойынша жүйелі жұмыстардың тиімділігін арттыру екені көрсетілді.

    Ағымдағы жылдың январь-октябрь айларында Мемлекеттік инвестициялық бағдарлама аясында 8,2 миллиард доллардың шетелдік инвестициясы игеріліп, 3,2 миллиард долларлық 91 ірі жобасы іске қосылды, 14 800 жаңа жұмыс орны ашылды. Алайда, атап өтілгендей, оңды фактілердің фонында жауапкершіліксіз жағдайы да кездесуде.

    Осы орайда Қарақалпақстан Республикасы, Әндіжан, Бұхара, Жызақ, Қашқадария, Науаи, Наманган, Самарқант, Сырдария, Сұрхандария, Ташкент, Хорезм облыстарының жергілікті билік органдары, сондай-ақ «Иссиқлик электр станциялары» АҚ, «Узбекнефтгаз» АҚ, «Узсувтаминот» АҚ, «Узбекистон темир йуллари» АҚ, «Аумақтық электр желілері» АҚ және бірқатар министрліктердің тиісті басшылары жұмылдырылған шетелдік инвестициялары мен халықаралық қаржы институттарының қаражыларын уақтылы игеру бойынша нәтижелері қанағаттанарлықсыз деп танылды.

    Әрбір инвестициялық жобаның іске асырылуын мониторинг жасау, инвестицияны игеруде кідірістерге жол бермеу маңыздылығы атап өтілді. Бұл міндет аумақтық инвестициялық бағдарламаларды уақытылы жүзеге асыруды да қамтиды.

    Мәселен, ағымдағы жылдың соңына дейін жалпы құны 4,8 миллиард долларды құрайтын 3 мың 466 жобаны іске қосып және 127,9 мың жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған. Осыған орай, коммерциялық банктер болашағы зор жобаларды қолдап-қуаттау, олардың бастамашыларына жергілікті билік органдарының жан-жақты көмек көрсетуінің маңыздылығы атап өтілді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.