Үргеніш қаласындағы аталмыш оқу орталығы жастарға IT саласында қатар өзекті IT бағыттары, яғни робототехника, мобильді ойындар жасау, веб-бағдарламалау, Android бағдарламалау, 3D анимация, сәулеткерлік және дизайн, графикалық дизайн, SММ, киберқауіпсіздік бойынша мамандар дайындайды. Балаларға арналған арнайы курстар да бар. Бүгінгі таңда 800-ден астам жас “DATA” оқу орталығының курстарын аяқтады.
Сапар барысында “DATA” оқу орталығының қызметі туралы тұсаукесер де өткізілді. Онда оқу орталығының өкілдері өз жоспарлары және мақсаттарымен бөлісті. Атап айтқанда, оқу орталығының мамандарымен балаларды IT саласына оқыту үшін оқу-әдістемелік құрал даярланған. Алдағы уақытта бұл оқу құралын көбейтіп, оқу орындарының оқу үрдісінде пайдалану жоспарлануда.
АКТ министрі Ш. Шерматов оқу орталығының қызметімен танысып, АКТ саласы үшін білікті кадрларды даярлауда жекеменшік IT орталықтармен ынтымақтастықты нығайтуды ұсынды, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.