Италияның «Cotonella» компаниясы өз өнімдерін жергіліктендіруге Өзбекстанды таңдады

    Бизнес 3 Iyul 2023 1189

    Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінде Итальяның «Cotonella» компаниясының басшылығымен кездесу өтті.

    Анықтама үшін: 1972 жылы құрылған «Cotonella» киім өндіруші компаниясы әйелдер, ерлер және балалар трикотаж іш киімдердің жетекші брендтерінің бірі болып табылады. Компания жылына 20 миллионнан астам өнім шығарады, олар Еуропаның 24 елінде сатылады.

    Кездесуде Өзбекстанда бизнес жүргізудің артықшылықтары, елімізде жасалған инвестициялық ортаның іс жүзіндік жақтарынының тұсаукесері өтті.

    Италиялық тарап Өзбекстанның тоқымашылық өнеркәсібіндегі өнімдердің сапа деңгейін арттыруға және оларды Еуропа базарына экспорттау көлемін айтарлықтай арттыруға мүмкіндік берген соңғы жылдардағы жетістіктерге тоқталды. Сол себепті компания басшылығы республиканың Қашқадария облысында «Cotonella Uzbekistan» шетелдік кәсіпорнын ашуды ұйғарды.

    Кездесуде Италья тарапы Өзбекстан базарында ұзақ мерзімді қызмет көрсету жоспарларымен бөлісті. Атап айтқанда, кәсіпорын іске қосылғаннан кейінгі бірінші кезеңде жылына 2 миллион данаға дейін дайын тоқыма бұйымдарын шығару, 80 адамды тұрақты жұмыспен қамту жоспарлануда. Сонымен қатар, компания өндірілген жоғары құнды өнім өндіру көлемін жылына 8 миллион данаға жеткізу үшін 5 миллион доллар бөлуді жоспарлап отыр. Осылайша, 500-ге дейін жаңа тұрақты жұмыс орындары да ашылады.

    Компания тұжырымдамасы заманауи технологияларды енгізумен қатар, оның тұрақты дамуын, бағаның бәсекеге қабілеттілігін, сонымен қатар өнім дизайнын үздіксіз жетілдіруді және түрлерін көбейтуді, кәсіпорын қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шараларды қамтиды.

    Кездесу соңында «Cotonella» компаниясының елімізде нәтижелі жұмыс істеуіне жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендігін білдірді, деп хабарлайды Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates