Жавохир Синдаровқа «Өзбекстан Республикасына еңбек сіңірген спортшы» құрметті атағы берілді

    Өзбекстан Республикасы Президентінің Жарлығымен шахматтан Өзбекстан ұлттық құрама командасының мүшесі Синдаров Жавохир Санжарбековичке «Өзбекстан Республикасына еңбек сіңірген спортшы» құрметті атағы берілді.

    Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы хабарлады.

    Айтуынша, құрметті атақты елімізде шахмат спортының одан әрі дамуына, халқымыз арасында осы спорт түрін кеңінен насихаттауға қосқан үлкен үлесі, ел алдындағы перзенттік бұрышына адал болып, өзінің жігерлілігі мен шеберлігін, отансүйгіштік қасиетін айқын көрсетіп, Отанымыздың намысын жаһандық деңгейде қорғап, жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, Жаңа Өзбекстанның беделін әлемге паш еткені, сондай-ақ жастарды отанды сүюге, ұлттық мақтаныш рухында тәрбиелеуде ерекше қызметі үшін берілген.

    Сондай-ақ, Шахмат бойынша Әлем кубогын жеңіп алған шахматшымызға Президент сыйлығы – үш бөлмелі пәтер, ал оның бапкерлеріне ақшалай сыйлық беріледі.