Президент биыл жүзеге асыру жоспарланған стратегиялық реформалар таныстылымына қатысты

    Билік 13 Fevral 2024 2599

    13 ақпанда Президент Шавкат Мирзиёев биылғы жылы жүзеге асыру жоспарланған негізгі стратегиялық реформалар таныстылымына қатысты.

    «Өзбекстан-2030» стратегиясында 2030 жылға қарай республиканың жалпы ішкі өнімін 160 миллиард долларға, жан басына шаққандағы кірісті 4 мың долларға жеткізу, бұл көрсеткіш бойынша орта таптан жоғары елдердің қатарына ену міндеті белгіленген. Ол үшін экономикадағы трансформация процестерін дәйекті түрде жалғастыру, инвестициялық және бизнес ортаны одан әрі жақсарту, ауыл шаруашылығында жоғары қосылған құнды қамтамасыз ету қажет.

    Бүгінгі таныстырылымды 5 маңызды бағыт – көлік, урбанизация және қала құрылысы, кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және энергетика бойынша реформалар қарастырылды.

    Экономикалық дамудың негізгі факторларының бірі – көлік мүмкіндіктері. Өзбекстанның теңіз жолдарынан шалғай орналасқандығына байланысты әуе және темір жолдарды әртараптандыруға баса мән берілуде. Өткен жылы 6 әуе компаниясы құрылып, 28 жаңа ұшақ әкелінді. Самарқанд халықаралық әуежайына жеке сектор тартылды.

    Осы іс-шараларды жалғастыру, «Uzbekistan Airports» және «Uzbekistan Airways» компанияларының трансформациясын жеделдету, әуежайды басқаруды жеке секторға беруді кеңейту қажет.

    Өңірлерде қаржылық қызметтерді, электронды коммерцияны, қашықтықтан білім беруді және медициналық қызметтерді дамыту үшін сапалы интернет маңызды.

    Алдағы жеті жылда республикада 300 мыңнан астам халқы бар қалалар мен аудандардың саны қазіргі 13-тен 28-ге дейін артады. Кейбір қалалар мен елді мекендер бас жоспарлардың жоқтығынан тек қана кеңейіп жатыр. Бұл инфрақұрылымдық шығындардың өсуіне және ауыл шаруашылығы жерлерінің қысқаруына әкеледі. Сондықтан урбанизация процестерін реттейтін тұжырымдама мен заң әзірлеу қажеттілігі туындауда.

    Бизнеске қолайлы жағдай жасау үшін жол, ауыз су, білім, медицина сияқты салаларда жекеменшік әріптестік ережелерін нақты белгілеу қажет. Бұл ретте мұндай жобалардың бағдарламасын облыс басшыларымен бірлесе қалыптастыру қажет.

    Мемлекеттің кейбір функцияларын, соның ішінде аймақтарды дамыту, еркін экономикалық аймақтарды басқаруды жеке секторға беруге ерекше назар аударылды.

    Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлік және жұмыспен қамтуда маңызды рөл атқарады. Бірақ оның кейбір салаларында жұмыс тәртібі әлі де ескіше. Сондықтан еңбек өнімділігін арттыру және шығындарды азайту, салаға инновациялар енгізу бойынша нақты шешімдер қажет.

    Экономикалық өсуді сақтау үшін тұрақты энергиямен қамтамасыз ету маңызды. Биыл жалпы құны 50 миллиард долларды құрайтын 122 жаңа ірі инвестициялық жоба іске қосылады. Сонымен қатар халық саны да, кәсіпорындар да көбейіп келеді. Алдағы жылдары энергияға деген қажеттілік кем дегенде 1,5 есеге артады. Оның үстіне кейбір салаларда энергия тұтыну әлі де жоғары.

    Мемлекет басшысы аталған салаларға қатысты ұсыныстармен танысып, инвесторлар үшін құқықтық база мен кепілдіктер жасау қажеттігін атап өтті.

    – Біз 2024 жылы нарықтық экономиканың іргетасын құрудың барлық үдерістерін аяқтап, 2025 жылы ұлттық экономикамызды сапа жағынан мүлдем жаңа деңгейге шығаруымыз керек, – деді Мемлекет басшысы.

    Реформалар үдерісіне республиканың барлық ғылыми және ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, кешенді «жол картасын» дайындау міндеті қойылды.