Кімдерге ұшақта ұшуға ұсынылмайды?

    Денсаулық 17 Iyul 2023 2197

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы денсаулығына байланысты әуе лайнер бортына мінуге тыйым салынған жолаушылар тізімін жариялады.

    «Әуе компаниялары жағдайы ауыр немесе ұшу кезінде денсаулығы нашарлайтын кейбір жолаушыларды ұшаққа отырғызудан бас тартуға құқылы», - делінген ДДСҰ-ның құжатында.

    Олар төмендегілер:

    - туылғанына 48 сағат толмаған (немесе мерзімінен бұрын туылған) нәрестелер;

    - жүктіліктің 36- аптасында немесе одан да көп кезеңде болған әйелдер (көп жүктілік үшін бұл көрсеткіш 32 аптаға тең)

    - стенокардия және кеуде қуысындағы ауыру, жұқпалы аурулар, жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары барлар;

    - жақында инфаркт немесе инсульт болғандар;

    - денеде ауа немесе газ жиналуы мүмкін болған жарақаттары бар және жақында асқазанға, ішекке, көзге, бетке немесе миға операция жасалғандар;

    - тыныс алу жүйесіне байланысты өткір және созылмалы аурулармен ауыратындар;

    - пневмония нақтамасы қойылғандар;

    - тыныш жағдайда тынысы тарылу мен ентігу барлар;

    - орақ жасушалы анемиямен ауыратын науқастар;

    - пневмоторакс (өкпенің тесілуі) нақтама қойылғандар;

    - құлақ инфекциясы бар науқастар;

    - декомпрессиялық аурумен ауыратындар;

    - бас мида қысымның көтерілуінен зардап шегетін адамдар (қан кету, жарақаттар немесе инфекция салдарынан).

    Сарапшылардың айтуынша, бұл тізім түрлі авиакомпаниялардың талаптарына байланысты біраз өзгеше болуы да мүмкін.

    Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates