Конституциялық заң жобасының жалпыхалық талқылауы 15 июльге дейін ұзартылуы мүмкін

    Ел назарында 4 Iyul 2022 2060

    Олий Мажлис Заң шығару палатасының кезекті мәжілісі басталды. Онда депутаттар «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасының жалпыхалық талқылауына байланысты мәселелер қаралуда.

    Заң шығару палатасының жалпы мәжілісінде сөз сөйлеген депутат Жахонгир Шириновтың айтыуынша, елімізде Жаңа Өзбекстанның даму стратегиясы аясында жүзеге асырылып жатқан түбегейлі реформаларға сәйкес, жаңа конституциялық-құқықтық мекенді құруда белгілі жұмыстар атқарылуда.

    Белгілі болғандай, “Заң жобаларының жалпыхалықтық талқылауы туралы” Заң негізінде Өзбекстан Республикасының Олий Мажлиси Заң шығару палатасының 2022 жылғы 24 июніндегі қаулысына сәйкес «Өзбекстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» Өзбекстан Республикасы Конституциялық заң жобасы 2022 жылдың 25 июнінен 5 июльге дейін жалпыхалықтық талқылауға қойылған еді.

    Конституциялық заң жобасы тұрғысынан жалпыхалықтық талқылау еліміздің барлық аумақтарында қызу ұйымдастырылуда. Парламент мүшелері және жергілікті Кеңес депутаттары тарапынан аумақтарда билік органдары, азаматтардың өзін-өзі басқару органдарында, кәсіпорындарда, мекемелер мен ұйымдарда 120 мың азаматтың қатысуында өткізілген 2 мыңнан астам кездесуде конституциялық реформалардың мән-мазмұны мен ерекшелігін жұртшылыққа түсіндіру істері жүргізілді. Конституциялық заң жобасының жалпыхалықтық талқылау үдерістері бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жариялануда.

    Атап өтілгендей, бүгінге дейін Конституциялық заң жобасы тұрғысынан халық пен азаматтық қоғам институттарынан жалпы 57 мыңнан астам ұсыныс түскен. Жүргізілген талдау нәтижесі көрсеткендей, қоғамдық талқылаудың алғашқы күндерінде конституциялық заң жобасы бойынша түскен ұсыныстардың саны күніне 700-ге жуық болса, қазіргі уақытта, олардың саны күніне 10 мыңға жеткен.

    Бұл сандар жалпыхалықтық талқылау тұрғындардың аталмыш саяси үдерістерге қатыстылық сезімі артып, өз ой-пікірлерін білдіруге деген қызығушылық атқанын көрсетуде.

    Осыған орай, ол жалпыхалықтық талқылауды тағы 10 күнге – 15 июльге дейін ұзартуды ұсынды.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates