Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау мәселелері бойынша парламенттік сауал жолданды

    Сенаттың елу бірінші жалпы мәжілісінде Министрлер Кабинетіне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сапасын жақсарту, олардағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау, сондай-ақ кадастр жүргізу бойынша атқарылған істер туралы парламенттік сауал жолдау мәселе қаралды.

    Атап өткендей, елімізде экологиялық жағдайды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануда ауқымды реформалар жүзеге асырылуда. Климаттың өзгеруіне қарсы күресу, оның жағымсыз салдарын азайту, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды кеңейту үстем міндеттерге айналды.

    Атап өткендей, елімізде саланы басқарушы және реттейтін мықты ұйымдық-құқықтық негіздер жасалған.

    Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы алаңы 6,321 миллион гектарға дейін ұлғайды, бұл ел аумағының 14,08 пайызын құрайды.

    Өзбекстан Республикасының Қызыл кітабына енген жануарлар (омыртқалылар) түрлерінің 83 пайызы, өсімдік түрлерінің 89 пайызы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға енгізілген.

    Талқылау барысында сенаторлар қорғайтын табиғи аумақтардағы биоалуантүрлілікті сақтау, олардың сапа құрамын арттыру, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі өкілдерінің кадастрын жүргізуге қатысты бірқатар мәселелер бар екені айтылды.

    Сонымен қатар, тұрғындар заңсыз түрде шаруа малдарының бағылуы мен басқа да келеңсіз факторлардың әсерінен қорғалатын табиғи аумақтардың жалпы биомассасы сиреген.

    Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың биологиялық әртүрлілігін, деградация үдерістерін, олардың шаруашылық мүмкіндіктерін зерделеу барысында ғылыми-зерттеу істері талап дәрежесінде емес.

    Дағдарыстан зардап шеккен алаңдардың қалпына келтірілмеуі салдарынан жел мен судың әсерінен топырақ эрозиясы күшейіп, шөлейттену, шаң-тозаңның пайда болуы созылмалы сипатқа ие болуда.

    Соңғы жылдары түрлі табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің саны азайып, олардың мекендейтін ортасының жағдайы қиындай түсуде.

    Кейбір ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда белгіленген тәртіп-қағидаларының (режимді) бұзылуы, сонымен қатар браконьерлік, заңсыз құрылыстар, мал жаю салдарынан жабайы жануарлар мен өсімдіктерге зиян келтірілуде. Көп жағдайда өрт қауіпсіздігі ережелері сақталмайды.

    Салада мамандарды даярлау жүйесі жеткілікті дәрежеде жолға қойылмауынан, білікті кадрлардың жетіспеушілігі туындаған.

    Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, сенаторлар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардағы биологиялық әртүрлілікті сақтауды және оларды ұтымды пайдалануға бағытталған қаржылардың мақсатты жұмсалуын, браконьерлікті, жануарлар мен өсімдіктердің контрабандасын, заңсыз құрылыстардың алдын алуды, мал басын өсіруді, кадастрлық ақпараттарды қалыптасыруды және талдау жасау, саланы цифрландыру қажет екені айтылды.

    Сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар алаңын одан әрі кеңейту, оларды тиімді пайдалану, жалға беру қатынастарын жетілдіру, мемлекеттік-жекеменшік серіктестік ережелерін енгізу, өрт қауіпсіздігін күшейту, құқықбұзушылықтың алдын алуда жүзеге асырылған шаралардың тиімділігін арттыру қажеттілігіне назар аударды.

    Талқылау соңында Үкіметке ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың сапасын жақсарту, олардағы өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сақтау, кадастрды жүргізу бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға қатысты парламент сауалын жолдау туралы Сенат қаулысы қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    May 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates