Науаи облысының кәсіпкерлерімен және экспорттаушыларымен кездесу өтті

    Бизнес 7 Aprel 2022 1341

    Ағымдағы жылдың апрелінде Өзбекстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – инвестициялар және сыртқы сауда министрі С.Умурзаковтың төрағалығындағы және министрліктердің, кеңселердің, салалық бірлестіктер мен коммерциялық банктердің басшыларынан құралған Сыртқы сауда, инвестициялар, жергілікті өнеркәсіпті дамыту және техникалық жағынан реттеу мәселелері бойынша Үкімет комиссиясы Науаи облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының бүгінгі жағдайын үйрену мен оны одан әрі ынталандыру іс-шараларын жасау, сондай-ақ кәсіпкерлер мен экспортшылар өз қызметі барысында кездесіп жатқан проблемаларды талдау және шешу мақсатында осы аумаққа барды.

    Сапар барысында жергілікті іскер топ өкілдерімен кездесу өтті. Онда жүйелі және жеке сипаттағы өзекті мәселелер талқыланды.

    Шараға 250-ден астам кәсіпкер мен экспорттаушылар қатысты. Қатысушылар тікелей Комиссия мүшелеріне өтініш жасап, өздерінің түйткілді мәселелерін айтып берді, олардың әрқайсысы жан-жақты үйренілді.

    Әрбір жағдайды сараптай отырып, Үкімет комиссиясы басшылығы тарапынан жауапты басшыларға үйренілген проблемаларды белгіленген мерзімде шешу шараларын қарастыру туралы мекендік тапсырмалар берілді.

    Сонымен қатар, министрліктер, кеңселер, коммерциялық банктер мен жергілікті атқарушы органдардың басшыларына өндірістік қуаттарды арттыру, өнеркәсіптерді дамыту, еркін экономикалық аймақтар мен шағын өнеркәсіп аймақтардың экономикалық әлеуетін пайдалану тиімділігін арттырудың қосымша мүмкіндіктерін анықтау мақсатында қала және аудан, махалла кесімінде аумақтың экономикалық, инвестициялық және өндіріс әлеуетін үйрену бойынша жұмыстарды күшейту қажеттігі көрсетілді. Мұнда жастардың кәсіпкерлігін қолдауға ерекше көңіл бөлу керектігі айтылды.

    Шара әлеуметтік желілердегі Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің ресми парақшаларында онлайн режимінде көрсетілді. Сондықтан кәсіпкерлер мен экспорттаушылар Үкімет комиссиясы басшылығымен Facebook және Instagram әлеуметтік желілері арқылы байланыса алды. Келіп түскен өтініштер де Комиссия мүшелерінің назарына жеткізіліп, мұқият үйреніліп, нәтижесінде әрбір мәселе бойынша нақты шешімдер дайындалды.

    Үкімет комиссиясы тапсырмалардың орындалуы үстінен жүйелі бақылауды жүзеге асыру жауапкершілігі Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасына жүктелді, деп хабарлайды Инвестициялар және сыртқы сауда министрлігінің баспасөз қызметі.