Ағымдағы жылдың 21 январыда Жызақ қаласында SmartChain IT компаниясының өкілдерімен өткен дөңгелек үстелде жастарға «NazzAR» инновациялық стартап жобасы және оның маңыздылығы, жастарға әсері туралы түсініктеме берілді және «NazzAR» стартап жобасының электронды мұражайының тұсаукесері өтті.
Шара барысында Жызақ облыстық инновациялық даму басқармасының өкілдері жастарға өңірдегі инновациялық орта, жастар арасындағы стартап жобаларын жан-жақты жақсарту және одан әрі дамыту стратегиясы туралы жастарға ақпарат берді.
Жастарға атқарылып жатқан жұмыстар мен жобалар туралы да жан-жақты мәлімет берілді. Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Әрине, бұл сияқты шеберлік-сабақтарын ұйымдастыру жастар арасында инновациялық білімді арттыруға, стартап жобаларды даярлауға үндеу мен көмектесуге маңызды негіз болады.
Айта кету керек, Инновациялық даму министрлігі қолдап келе жатқан стартап жобалардың бірі - толықтырылған нақтылыққа негізделген «NazzAR» мобильді қосымшасын жасаған SmartChain IT компаниясы болып табылады.
Бұл NazzAR стартап жобасы - толықтырылған нақтылық элементтерін кез келген материалдық ортаға біріктіре алатын инновациялық бағдарлама. Смартфон арқылы «NazzAR» белгісіне бағытталған кезде мобильді құрылғы экранында нақты нысандардың 3D пішіндері, бейне үзінділері, фотосуреттер жанданады.
Елімізде бүгінде NazzAR мобильді қосымшасының мүмкіндіктері туризм саласында, әсіресе мұражайларда кеңінен қолданылады. Самарқант қаласындағы “Гөрі Әмір”, “Бибіханым” кесенелері, “Ұлықбек обсерваториясы”, “Афросияб” мұражайы, “Элмероси” атындағы ғылыми киім театры, Мемлекеттік мәдени-тарихи мұражайы, Өлкетану мұражайы, Асрорқожа ансамблі, Хиуа қаласындағы “Ичан қала”, Самарқанттағы “Регистан” алаңы, Бұхара қаласындағы “Арк” және «Мохи Хосса» тарихи және мәдени мұра нысандары, Ташкент қаласындағы Тимурилер тарихының мемлекеттік мұражайы, Өзбекстанның мемлекеттік тарихи мұражайы, Абдулла Қаххор, Сергей Бородин, Мухтор Ашрафи үй-мұражайлары және басқа да тарихи орындар саяхатшыларға экспонаттар туралы ақпаратты қызықты етіп ұсынуға мүмкіндік туғызылған.
Жызақ “Болашақ лидерлері” клубы және
Жызақ облысы Инновациялық даму басқармасының баспасөз қызметі.