Мемлекет басшысы шетелдік инвесторларға қолайлы жағдай жасауды тапсырды

    Президент Шавкат Мирзиёевтің қатысуымен Түркия Республикасы және Сауд Арабиясы Корольдігімен экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық бойынша алдағы жоспарлар талқыланды.

    Мемлекет басшысының өткен аптада Түркияға ресми сапары барысында көптеген келісімдерге қол жеткізілді.

    Атап айтқанда, Өзбекстан-Түркия Стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің үшінші отырысы және екі елдің жетекші компанияларының басшыларымен кездесу қорытындысы бойынша құны 10,1 миллиард доллар болатын 158 жаңа жоба қалыптасты. Бұл жобалар өнеркәсіп, энергетика, тау-кен және геология, көлік, денсаулық сақтау және ауыл шаруашылығы салаларын қамтиды.

    Кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша атқарылатын шаралар туралы ақпарат берілді.

    Атап айтқанда, екі ел арасындағы Жеңілдетілген сауда келісімі аясында өнім тізбесін кеңейту, тоқыма, былғары-аяқ киім, электротехника, қолөнер бұйымдарына тарифтер мен баж ставкаларын төмендету, Ыстамбұл қаласында Өзбекстан сауда өкілдігін ашу жоспарланған.

    Түркия тәжірибесіне сүйене отырып, тау-қыраттарды игеру бойынша «жол картасын» әзірлеу, ауыл шаруашылығын сақтандыру жүйесін енгізу, халықаралық стандартқа сай өзбек-түрік Тұқым тест орталығын ашу көзделген.

    Мемлекет басшысы Түркияның ірі компанияларымен перспективалық жобалар портфелін қалыптастыру және өңіраралық ынтымақтастықты дамыту бойынша қосымша тапсырмалар берді.

    Сауд Арабиясымен инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді, бірқатар ірі жобалар жүзеге асырыла бастады, инвестиция портфелі кеңейуде. Корольдік компанияларының қатысуымен жалпы құны 24,1 млрд долларды құрайтын 34 инвестициялық жобаның тізімі қалыптастырылды.

    Биыл осы жобаларға жалпы 2,5 миллиард доллар жұмсалуы көзделген. Оның ішінде жыл соңына дейін көлік, цифрландыру, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, энергетика салаларындағы қосымша 13 жоба аясында 1,5 миллиард доллар инвестиция игеріледі деп күтілуде.

    Кездесуде Өзбекстан-Сауд Арабиясы Іскерлік кеңесінің жұмысын одан әрі жандандыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кеңес аясында құрылған экология, тау-кен өнеркәсібі, қаржылық ынтымақтастық салаларындағы құны 6,5 миллиард доллар болатын жаңа перспективалық жобалар бойынша келіссөздерді аяқтап, практикалық жұмыстарды бастау маңыздылығы атап өтілді.

    Мемлекет басшысы есептік жоспарлармен танысып, жауапты тұлғаларға шетелдік инвестицияны толық және сапалы игеру шараларын қабылдауды, жобалардың жүзеге асуына қатаң бақылау орнатуды тапсырды.

    Инвесторлармен үнемі байланыста болу, оларға барынша қолайлы жағдай жасау, жобаларды жүзеге асыру барысында туындауы мүмкін мәселелерді жүйелі түрде шешу міндеті жүктелді.

    No date selected
    October 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates