Аралбойы өңіріндегі экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі бойынша Үкіметке парламенттік сауал жолданады

    Жасыл планета 5 Avgust 2022 2722

    Сенаттың жиырма тоғызыншы жалпы жиналысында Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 июльдегі ПҚ-5202-санды қаулысы және аталмыш мәселе бойынша Олий Мажлис Сенатының 2021 жылдың 27 авгусындағы СҚ-370-IV-санды қаулысында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жағдайы қаралды.

    Атап өткендей, аталған мәселе бойынша Сенаттың тиісті қаулысы қабылданып, міндеттердің орындалуы үстінен әсерлі парламенттік бақылау жүзеге асырылуда.

    Аралдың құрып қалған түбіне орманзарлар құру бойынша әлемде баламасы жоқ істер жеделдікпен жүргізілуде. Халыққа лайықты өмір сүру жағдайын жасауға, олардың әл-ауқатын қамтамасыз етуге, табысын арттыруға, денсаулығын сақтауға және аумақтың инвестициялық тартымдылығын арттыруға үлкен көңіл бөлінуде.

    Аталмыш мәселе бойынша Олий Мажлис Сенатының тиісті қаулысы қабылданып, міндеттердің орындалуына парламенттік бақылау жүзеге асыруда.

    Қаулыда белгіленген шараларды орындау үшін Жоқарғы Кеңгес депутаттары біріктіріліп, туындаған проблемаларды жою, олқылыққа жол берген жауаптыларға сенаторлар мен депутаттық сауалдарды жіберу практикасының жолға қойылуы нәтижесінде Өзбекстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 29 июліндегі ПҚ-5202-санды қаулысымен бекітілген «жол картасының» 1- қосымшада көрсетілген 71 шараның 20-ын орындауға қол жеткізілген.

    Бүгінгі күнге дейін «Жол картасының» 1-қосымшасында көрсетілген 9 шара белгіленген мерзімде орындалмағаны, 5-уінің мерзімі кешіктірілгені анықталды.

    Сондай-ақ, «Жол картасының» 2-қосымшасында көрсетілген 65 жобаның 15-і жүзеге асырылған. Алайда 1 жоба мерзімінде орындалмай, 6-ы жобаның мерзімін ұзарту ұсынылды.

    Қаулыда белгіленген міндеттердің орындалуын тиімді жүзеге асыруға кедергі келтіретін факторлар мен шараларды дер кезінде жүзеге асыру бойынша қарастырылған шаралар туралы негізделген түсіндіру беру талабымен Министрлер Кабинетіне парламенттік сауал жолдау туралы қаулы қабылданды.

    Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates