АДБ Өзбекстанның электр энергиясын тармағын цифрландыруға көмектеседі

    Инвестициялар 20 Sentabr 2023 1547

    Азия Даму Банкі (АДБ) Өзбекстанға энергия тиімділігі мен электр энергиясы қызметтерінің сенімділігін арттыру үшін энергия тарату жүйесін жаңғыртуға және цифрландыруға көмек беруге бағытталған 200 миллион доллар мөлшеріндегі несиені мақұлдады.

    «Тарату саласын цифрлық трансформациялау және тұрақтылықты арттыру» жобасы аясында республика аумақтарындағы 26 тарату қосалқы станциялар цифрлық қосалқы станцияларға, сонымен қатар диспетчерлік бақылау және деректерді жинау (SCADA) жүйесі жаңартылады. Цифрлық қорғаныс релесі және климатқа төзімді жоба қосалқы станциялардың табиғи апаттар мен экстремалды ауа-райы жағдайлары кезінде жұмыс істеу сенімділігі мен шыдамдылығын арттырады, сондай-ақ аймақтық электрмен қамтамасыз етудегі үзілістің алдын алады.

    • Өзбекстанның ескірген тарату желісін жаңғырту елдің ұзақ мерзімді жасыл және аз көміртекті стратегиясы үшін маңызды ерекшелікке ие, — деді АДБ Орталық және Батыс Азия бойынша Бас директоры Евгений Жуков. — Біз тек энергетикалық қызметтердің сапасын арттырып қана қоймай, сонымен қатар жылыжай газы шығындыларының артуына әкелетін электр энергиясының ысыраптарын азайту арқылы таза энергияға көшуді жеңілдететін бұл жобаны қолдап-қуаттауға ризамыз.

    Өзбекстанның тарату жүйесі 7,6 миллион тұрмыстық және өнеркәсіптік тұтынушыларға қызмет көрсетеді. Тұрғын үйлерді 100% электрлендіруге қол жеткізгеніне қарамастан, мемлекет негізінен 1960 жылдары салынған ескірген және шектен тыс жүктелген инфрақұрылымға байланысты сенімсіз электрмен қамтамасыз етуден зардап шегуде. Электрмен қамтамасыз етудегі үзілістер қазір де жалғасуда және олар әсіресе қыста, төмен температураларда ысыту үшін электр энергиясына қажеттілік жоғары болған уақытта жоғары деңгейде болады, бұл өз кезегінде, мектеп пен емханалар сияқты маңызды әлеуметтік салалардың жұмыс жүргізуін қиындатуға әкеледі.

    Өзбекстанда энергияға деген сұраныс 2019 жылғы 67 терават-сағаттан 2030 жылы 120,8 терават-сағатқа дейін артады деп күтілуде. 2030 жылға қарай Үкімет қолданыстағы 12,9 ГВт-қа қосымша түрде 17 гигаватт (ГВт) электр энергиясын өндіруді әлеуетін қалыптастыру, сонымен қатар 8 ГВт қуатқа ие қайта тіктелетін энергия жобаларын жүзеге асыру жоспарлануда.

    • Бұл жоба Өзбекстанға елдің артқан сұранысын жеткізу үшін қажетті болған қосымша энергияны сенімді түрде жеткізуге мүмкіндік береді, -—деді АДБ-тің Энергетика жөніндегі бас маманы Сун Дак Ким. — Сондай-ақ, жеткізіп беру және бөлу жүйелерін жаңғырту, ақылды және сәйкестендірілген жүйелер күн және жел сияқты қайта тіктелетін энергия көздерінің өзгерушеңдігін жақсы басқаруға мүмкіндік беретінін ескере отырып, мемлекет қайта тіктелетін энергияны желіге көбірек беруге мүмкіндік береді.

    АТБ жобасы сондай-ақ «Аумақтық электр желілері» АҚ (НЕТ) мемлекеттік тарату компаниясының қаржылық басқару әлеуетін нығайтуға көмек береді. Сонымен қатар, HET және гендер теңдік қағидаларын енгізуді институцияландыруды қолдап-қуатау, сонымен қатар НЕТ және Ташкент мемлекеттік техникалық университет арасында білім саласындағы ынтымақтастық аясында студент қыздарды оқыту арқылы әйелдер мен қыздардың энергетика саласына қытсуын ынталандыру мақсатында, 250 000 доллар көлемдегі техникалық көмек гранты ұсынылады.

    Франция Даму агенттігі (ФТА) жартылай АДБ басқаратын 70 миллион еуро (шамамен 75 миллион доллар) көлеміндегі біріккен қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

    Анықтама үшін: осы несие 25 жыл мерзімге беріледі, оның 5 жылы жеңілдетілген саналады. Жоба 2023 жылдың октябрь айынан 2028 жылдың мартына дейін жүзеге асырылады, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Ақпарат үшін, Өзбекстан АДБ-ға 1995 жылы мүше болған. Бүгінге дейін банк елге 10,8 миллиард доллар көлемінде несие, грант және техникалық көмек көрсетті.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates