Ресейден Өзбекстанға мұнай жеткізу көлемі ұлғайтылады

    Энергия 5 Noyabr 2023 2518

    2024 жылы Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына мұнай шикізатын жеткізу көлемін 1 миллион тоннаға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл туралы Мәскеуде 2023 жылдың 3 ноябрінде қол қойылған үшжақты құжатта көрсетілген.

    Құжатқа Ресей Федерациясы Энергетика министрінің бірінші орынбасары П.Сорокин, Өзбекстан Республикасы Энергетика министрінің бірінші орынбасары А.Ахмедхаджаев және Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің орынбасары Е.Ақкенженов қол қойды.

    Құжатқа орай, келісімді жүзеге асыру барысында «Омск-Павлодар-Шымкент-Шагир» мұнай құбыры арқылы жүк тасымалдауды қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінуде.

    Келісімде тараптардың ұзақ мерзімді негізде 2024 жылы және соңғы жылдарда мұнай шикізатын 1 миллион тоннаға дейін жеткізіп беру көрсетілген. Сонымен қатар, мұнай шикізатының өзара тиімді бағасын келісу және оның көлемін ескере отырып, тараптардың елдерінің аумағымен мұнай шикізатын толық көлемде тосқауылсыз жеткізу қамтамасыз етіледі, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

    Бұл келісім төмендегі мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді:

    - Үш мемлекет басшыларының ағымдағы жылдың 6-7 октябрінде өткен талқылаулар барысында қол жеткізілген келісімді жедел жүзеге асыру;

    - көліктік шығындарды ескере отырып, теміржол арқылы жеткізуге қарағанда арзан мұнай құбырын тартуды дамыту;

    - Өзбекстан Республикасының және шекаралас аумақтардың мұнай құбырларының инфрақұрылымын дамытуға көмектесу;

    - мұнай шикізатын тұрақты қамтамасыз ету және елдерімізде жоғары сапалы жанармай және басқа жанылғы-май материалдарын қайта өңдеу көлем арттыруға байланысты Өзбекстандағы мұнайды қайта өңдеуге мамандандырылған екі зауыттың өнім өндіру тиімділігін жетілдіру;

    - жанармай өндірісінің ұлғаюы Өзбекстандағы жанармай құю орындарының желісін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл қызмет көрсету және жанармай сату географиясында халыққа сапалы жаңа қызмет көрсетуге мүмкіндігін береді;

    – Ресейдің мұнай шикізатының тұрақты қамтамасыз етілуі бойынша мұнайды қайта өңдеу құбырларын жаңғыртуға, сондай-ақ жаңаларын салуға және жоғары қосылған құнға ие экспорттық өнімдер өндірісін кеңейтуге мүмкіндік береді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates