Өзбекстан – БРИКС: тұрақты дамуға, жаңа өндірістік және сауда-логистикалық тізбектерді құруға бағытталған ынтымақтастық

    Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзияев 23-24 октябрь күндері Ресейдің төрағалығымен Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатысады.

    Бұл құрылым 2006 жылдың июнь айында Санк-Петербург экономикалық форум асында Бразилия, Ресей, Үндістан және Қытай экономика министрлерінің қатысуымен құрылған. Ұйымның құрылуына Ресей тарапының бастамасымен басталды.

    Ресей, Бразилия, Қытай сыртқы істер министрлері мен Үндістан қорғаныс министрінің қатысуымен сол кездегі БРИКС-тің бірінші жиналысы 2006 жылы 20 сентябрьде Нью-Йорк қаласында БҰҰ Бас Ассамблеясының 61-сессиясы аясында өткен еді.

    2010 жылы 12 ноябрьде Сеулде өткен G20 саммитінде Оңтүстік Африка Республикасы БРИКС-ке қосылуға ниет білдірді. Оңтүстік Африканың қосылуымен құрылымның атауы БРИКС болып қайта құрылды.

    2023 жылғы августа өткен саммитте Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр, Аргентина, Эфиопия және БАӘ БРИКС-ке толыққанды мүше ретінде қосылуға ұсыныс жасалған еді.

    2024 жылдың январьда осы елдердің төртеуі – Мысыр, Иран, БАӘ және Эфиопия ұйымға ресми түрде қосылды.

    Ұйымға мүше болған мемлекеттер беделді халықаралық құрылымдар – БҰҰ, G20, Дүниежүзілік сауда ұйымы, Қосылмау қозғалысы, G77 тобы, сондай-ақ бірқатар ірі аумақтық бірлестіктердің беделді қатысушылары саналады.

    БРИКС серіктестері арасындағы қарым-қатынастар БҰҰ Жарғысына, халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына, сондай-ақ теңдік, ашықтық, прагматизм, ынтымақтастық, қосымау және үшінжықтарға бейтараптық қағидаттарына негізделіп құрылған.

    Ұйымның механизмі, атап өтілгендей, тыныштық, қауіпсіздікті, даму мен ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған. БРИКС-тің негізгі мақсаты – қатысушы елдердің экономикалық және технологиялық әлеуетін айтарлықтай деңгейде нығайту жолында тиімді байланыстар үшін жағдай жасау.

    БРИКС аясында Іскерлер кеңесі мен БРИКС Даму банкі жұмыс істейді. Құрылым елдері арасындағы экономикалық өзара ынтымақтастық 2025 жылға дейінгі Экономикалық серіктестік стратегиясына негізделген. Ол мүше елдердің екіжақты экономикалық байланыстарын, олардың көпжақты форматтағы, өзара іс-әрекетімен толтыруды, халықаралық және аумақтық ұйымдар, бірлестіктер мен форумдарда, бірінші кезекте Дүниежүзілік сауда ұйымында сәйкестендіруді қамтамасыз етуді көздейді.

    БРИКС мамлакатлари ўртасидаги ўзаро муносабатлар форматлари тизими олий даражадаги йиллик режалаштирилган учрашувларни ўз ичига олади. БРИКСга раислик тақвими йил давомида иштирокчи давлатлар томонидан ротация асосида амалга оширилади. Барча қарорлар консенсус асосида қабул қилинади.

    БРИКС елдері арасындағы өзара қарым-қатынастар форматтарының жүйесіне жоғары дәңгейдегң жылдық жоспарланған кездесулерді қамтиды. БРИКС-ке төрағалық күнтізбесі жыл барысында қатысушы елдер тарапынан ротация негізінде жүзеге асырылады. Барлық қаулылар консенсус негізінде қабылданады.

    Өзбекстан үшін БРИКС инклюзивті ынтымақтастық пен тұрақты дамудың күн тәртібін ілгерілету үшін ізденетін платформа саналады.

    2015 жылдың 9 июль күні Өзбекстан Ресей төрағалығында Уфа қаласында өткен ШЫҰ мен БРИКС-ке мүше елдердің мемлекет басшыларының кездесуіне қатысты. Жиналыста ұйымға мүше 9 мемлекеттің басшылары қатысты.

    Өзбекстан Президенті 2022 жылғы 24 июнь күні “БРИКС плюс” форматындағы Жаһандық даму мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі диалогқа қатысты. Қытай тарапы төрағалық еткен осы онлайн форумға әлемнің 18 елінен мемлекеттік және үкімет басшылары қатысты.

    Ресейдің БРИКС-ке биылғы төрағалығы аясында Өзбекстан Жастар саммитіне, БРИКС спорт ойындарына, IX заңды форумға, Х парламенттік форумға, ұқсас қалалар мен муниципалитеттер форумы, сондай-ақ БРИКС пен «БРИКС плюс» мемлекеттеріндегі қауіпсіздік мәселелерді қадағалайтын жоғары лауазымды тұлғалар кездесуіне қатысты, деп хабарлайды «Дунё» АА.

    Президент Шавкат Мирзияев 2022 жылы 24 июнь күні өткен «БРИКС плюс» форматындағы Жаһандық даму мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі диалогтағы сөйлеген сөзінде: «Әлем экономикасындағы байқалған дағдарыстық жағдайды жеңіп шығу мақсатында саудадағы кедергілерді жою, жаңа өндірістік және сауда-логистикалық тізбектерді құру, өнеркәсіптік кооперациясы бойынша жобаларға инвестициялар тарту және инфрақұрылымды жаңғырту, технологиялар трансфері мен иновацияларды енгізу, жасанды интеллект, цифрландыру, биотехнологиялар, вакциналар өндіру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту бойынша сәйкестендірілген іс-шараларды қабылдауда маңызды ерекшелыкке ие” деп айтты.

    Мемлекет басшысы Бірлескен жобалар мен бастамаларды ілгерілету мақсатында «БРИКС плюс» іскер топтардың форумын құруды да ұсынды.

    «Біз Тұрақты даму мақсаттарына бірлесіп қол жеткізу үшін ауқымды халықаралық серіктестікке, соның ішінде “Оңтүстік-Оңтүстік” форматындағы ынтымақтастыққа ашықпыз және осы жолды ұстанамыз», - деді Өзбекстан басшысы.

    Қорыта айтар болсақ, Мемлекет басшысының алдағы БРИКС саммитіне қатысуы халықаралық қатынастарды одан әрі кеңейтуге және Өзбекстанның әлемдік экономикалық байланыстарға интеграциялануына, сондай-ақ еліміздің өзара мүдделі ынтымақтастыққа бағытталған сенімді серіктестік ретіндегі беделін одан әрі нығайтуға қызмет етеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates