Хатта екі ел халықтарының арасында ғасырлар бойы қалыптасқан және жалпы тарихына, мәдениетіне, ортақ дәстүрлер мен құндылықтарға негізделген стратегиялық серіктестік байланыстары соңғы кездері бұрынғыдан да жандана түскені атап өтілген.
Өткен жылдың өзінде Өзбекстан мен Үндістанның сыртқы істер министрлері де екіжақты және халықаралық форумдар мен іс-шаралар аясында алты рет кездесу өткізді. Бұл екі жақтың стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтып, ынтымақтастық аясын кеңейтуге ұмтылысының айқын көрінісі.
Абдулазиз Камилов Өзбекстан мен Үндістанның біргеліктегі іс-әрекеттерімен елдер арасындағы достық пен ынтымақтастық қарым-қатынастары барлық салада, екі халықтың әл-ауқаттылығы жолында дами түсетініне сенім білдірді, деп хабарлайды Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.