Бұл туралы Өзбекстан Ғылым академиясының ақпарат қызметі хабарлады.

Айтылуынша, қазіргі таңда ауа ластануы, әсіресе СО₂ сияқты зиянды газдардың көбеюі, сондай-ақ судың ауыр металдар мен химиялық бояғыштармен ластануы жаһандық мәселелердің біріне айналды.

Осындай проблемаларды шешу үшін экологиялық таза, тиімді және тұрақты материалдарға деген сұраныс артып келеді.

Жаңа гибрид аэрогель қайта жаңартылатын әрі экологиялық қауіпсіз шикізат — наноцеллюлоза негізінде жасалған және табиғатқа зиян келтірмейді.

Аэрогелдің негізгі артықшылықтары:

материал ауадағы СО₂ сияқты зиянды газдарды тиімді түрде ұстап қалады,

 ауыр металл иондары мен зиянды бояғыштарды судан ажыратып алуға мүмкіндік береді,

жоғары оқшаулағыш қасиеттерінің арқасында тиімді құрылыс материалы болып саналады,

нанокеуекті құрылымы дыбыс толқындарын жұтып, ғимараттарда акустикалық жайлылық жасайды,

төмен жылу өткізгіштігі энергияны үнемдеуге көмектеседі,

соққыға және сыртқы әсерлерге төзімді,

жеңіл бола тұра, жоғары температураға шыдамды.

Мамандардың айтуынша, бұл гибрид аэрогель өнеркәсіпте, экологияда және құрылыс саласында кеңінен қолданылуы мүмкін және болашақта қоршаған ортаны қорғауға қызмет ететін маңызды инновация ретінде бағалануда.