Саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, білім беру және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қарым-қатынастардың күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы, сондай-ақ өңірлік ынтымақтастықтың маңызды аспектілері талқыланды.
Сұхбат басында Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Америка Құрама Штаттарының Президенті Джо Байденнің Мемлекет басшысына сәлемі мен ізгі тілегін жеткізді.
АҚШ-тың Өзбекстанның тәуелсіздігі, егемендігі мен аумақтық тұтастығын әрдайым қолдауға бел байлайтыны тағы да атап өтілді. Өзбекстанда жүзеге асырылып жатқан артқа қайтпайтын демократиялық реформалар мен әлеуметтік-экономикалық реформалар жоғары бағаланып, жан-жақты қолдау тапты.
Әсіресе, адам құқықтары мен гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, мәжбүрлі еңбекке қарсы күрес, сөз бостандығын және БАҚ-ты қолдау саласындағы реформалар, азаматтық қоғам институттарын дамыту және басқа да көптеген салалардағы елеулі жетістіктер атап өтілді.
Кездесуде Өзбекстан мен АҚШ арасындағы көп қырлы қарым-қатынаста жоғары деңгейге қол жеткізілгені зор қанағаттанушылықпен атап өтілді.
Кең ауқымды ынтымақтастықты одан әрі дамыту, оның ішінде Стратегиялық ынтымақтастық бойынша тиімді диалогты ілгерілетудің және әртүрлі деңгейдегі жемісті алмасуларды жалғастырудың маңыздылығын сөз болды.
Сауда-экономикалық, инвестициялық және инновациялық ынтымақтастықты дамытуға, Өзбекстан нарығында жетекші Американдық компаниялардың қызметін кеңейтуге, кооперация жобаларын жүзеге асыруға, ең алдымен, жоғары технологиялық салаларға ерекше назар аударылды.
Мәдени-гуманитарлық қарым-қатынастарды, оның ішінде Өзбекстанда жастарға ағылшын тілін үйрету және білікті педагог кадрларды даярлау бағдарламаларын жандандыруға мол мүмкіндіктер бар екені айтылды.
Аймақтық ынтымақтастықтың маңызды мәселелері бойынша пікір алмасылды. Күні кеше «АҚШ және Орталық Азия елдері» («С5+1») форматында өткен министрлер кездесуінің нәтижелері оң бағаланды.
Аймақ елдерінің тұрақты дамуын қолдау, іскерлік және инвестициялық ортаны жақсарту, «жасыл» энергетиканы дамыту, бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру сияқты бағыттар көрсетілді.
Осы айда Самарқандта өтетін Сауда және инвестициялар бойынша келісімнің (TIFA) отырысына маңызды мән берілуде.
Ауғанстанда бейбітшілік орнатудағы кең ауқымды халықаралық ынтымақтастыққа қатысты мәселелері де талқыланды.
Осы елдегі жағдайды ушықтырудың және гуманитарлық дағдарыстың шиеленісуініне жол беруге болмайтыны, бар проблемаларды шешу алгоритмін әзірлеу үшін БҰҰ кеңістігін белсенді пайдалану қажеттігі, сондай-ақ бейбітшілік үдерісіне және Ауғанстан экономикасын қалпына келтіруге көмектесу үшін өңірлік инфрақұрылымды қолдаудың маңыздылығы туралы жақсы пікір айтылды.