Өзбекстанда ауыл шаруашылығын дамытуда инновациялық топтардың қызметі жолға қойылады

    Агросектор 14 Iyul 2022 2391

    2022 жылғы 13 июльде Ташкент қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму Бағдарламасы (ББҰДБ) мен Өзбекстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ынтымақтастығында оқу семинар өтті.

    Еуропа Одағы қаржыландыратын «Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік секторының «жасыл экономикаға» инклюзивті өтуін қолдап-қуаттау және климатқа бағытталған ауыл шаруашылығы білімдері мен инновациялық жүйелерді дамыту» жобасы аясындағы бұл семинар тренингті халықаралық кеңесші, ауыл шаруашылығы саласын дамыту бойынша 40 жылдық тәжірибеге ие ұлыбритандық Дэвид Кахан жүргізді.

    Шараға АКИС агроқызмет орталығының Ферғана, Қашқадария және Ташкент облыстарындағы орталықтары, ауыл шаруашылығы саласындағы ғылыми-зерттеу институттары мен олардың облыстардағы ғылыми-тәжірибе станциялары, жергілікті ауыл шаруашылығына мамандандырылған жоғары және кәсіптік оқу орындарының қызметкерлері, фермерлік шаруашылықтардың өкілдері қатысты.

    Дэвид Кахан өз сөзінде ауыл шаруашылығын дамытудағы «Инновациялық топтар» түсінігі, саладағы өнім өндірудегі бар проблемалар мен кемшіліктерді анықтау және жою олардың зерттеулеріне сүйеніп жүзеге асырылатыны туралы ақпарат берді.

    БҰҰДБ жобасының ұлттық қоординаторы Улуғбек Исламов жобаның негізгі мақсаты ғылым-білім, зерттеулер, қызмет көрсету саласында және өндіріс арасындағы қарым-қатынастардың тиімділігін қамтамасыз ету қажет екенін айтып, республикада аграрлық саладағы өндіріс тиімділігін арттыру, су ресурстарын пайдалануда мемлекеттік және жеке сектор ұйымдарымен ынтымақтастықты жолға қою керек екені айтылды.

    Сондай-ақ семинар тренинг барысында қатысушылар топтарға бөлініп, астық-мақта, мал шаруашылығы, бау-бақша салаларындағы, су ресурстарына байланысты проблемаларды іс жүзіндік жаттығулар арқылы талдау жасалды. Анықталған проблеманың қоршаған ортаға және табиғи ресурстарға әсерін зерттей келе, проблемаларды шешу бойынша тұсаукесерлер өткізілді, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы мнистрлінінің баспасөз қызметі.

    Шарада атап өтілгендей, «Инновациялық топтар» ауыл шаруашылығындағы климаттық өзгерістерге бейімделуге және оның кері салдарын азайтуға бағытталған ғылыми-практикалық шешімі бар инновациялық жобаларды әзірлеп, жүзеге асырмақ. Топтар фермерлік және диқан шаруашылықтары, зерттеушілер, агробизнес өкілдері, кәсіпкерлер және басқа салаға қатысты ұйымдардың өкілдерінен құралған. Ең үздік және ең инновациялық жобалар ашық байқау негізінде аталмыш жобаның арнайы гранттарымен марапатталады.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates