ӨзРВБ саудаларында Ресей рублі/сум валюта жұбы бойынша келісімдер жасау басталды

    Қаржы 4 Aprel 2022 3124

    Өзбекстан Республикасының валюта биржасы АҚ (ӨзРВБ) 2022 жылдың 24 мартында Ресей рублі/сум валюта жұбы (RUB/UZS_TOM құралы) бойынша биржалық сауданың нәтижелі өткізіліп, онда сауда қатысушылары тарапынан жалпы көлемі 80 миллион Ресей рубліндегі келісімдер жасалғанын мәлімдеді.

    Бұрын хабарланғандай, биржалық валюта базары қатысушыларына қосымша сауда мүмкіндіктерін жасау мақсатында ӨзРВБ тарапынан Ресей рублі/сум және Қытай юаны/сум валютасы жұбы бойынша сауда жолға қойылып, аталмыш валюта жұбы бойынша сауда қатысушылары 2022 жылдың 31 майына дейін келісімдер бойынша делдалшылық сыйлығын төлеуден босатылған еді.

    Бүгінгі саудалар «Rhombus» платформасында Т+1 режімінде үздіксіз екіжақты «метчинг» сауда әдісі бойынша «Өзбекстан Республикалық валюта биржасы» АҚ-ның шетел валютасын сатып алу және сату бойынша биржалық сауда ережелеріне сәйкес өткізіледі.

    Даму стратегиясын жүзеге асыру аясында, ӨзРВБ биржа базары қатысушыларына қолайлы жағдай жасау мақсатында биржалық құралдармен қамтылуын одан әрі кеңейту бойынша барлық қажетті іс-шараларды қабылдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Өзбекстан Республикалық валюта биржасы АҚ-ның баспасөз қызметі.