Ол ғимаратқа бұрыш шашып, кейін күзетші мен төртінші сынып оқушысын пышақтап кеткен. Бала алған жарақаттарынан көз жұмды.

«Бүгін таңғы сағат 9:00-де полицияға оқушының күзетшіге пышақпен шабылдағаны қара бұрыш шашып, кейін он жастағы оқушыны пышақтағаны және оның сол жерде көз жұмғаны туралы хабар келіп түскен», деп хабарлады Подмосковьедегі полициясы. «Біз төртінші сынып оқушысының мектепте қайтыс болғанына қатты қайғырдық», - деп жазды Телеграмда Подмосковьедегі балалар құқықтары жөніндегі омбудсманы Ксения Мишонова.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шабуыл жасаған тұлға сол мектептің 15 жастағы оқушысы. Ол қамауға алынды. Ресейдің Тергеу комитеті адам өлтіру және өлтіруге оқталу баптары бойынша қылмыстық іс қозғады.

Успенская жалпы орта мектебі Подмосковьтың батыс бөлігінде, Мәскеумен тікелей шекаралас Одинцово ауданындағы Горки-2 ауылында орналасқан. Мектепте мыңнан астам оқушы бар, сондай-ақ көрші ауылдардан да оқушылар білім алуға келеді.

Төтенше жағдайлар қызметі мектеп ғимаратына жетіп келгеннен кейін, кейбір оқушылар көрші Жастар орталығына эвакуацияланды, деп хабарлайды delfi.lt.