Цифрлық басқару орталығында «Өзбекстан-2030» стратегиясына сәйкес атқарылып жатқан жұмыстардың тұсаукесері өтті. Бұл стратегия елді өңірлік «IT-НUB» еліне айналдыруды мақсатында белгіленген. Бұл мемлекеттік басқару мен секторларды цифрландыру, коммуникациялық инфрақұрылымды жақсарту, IT-білім беруді дамыту сияқты көптеген факторларды қажет етеді.
Кейінгі жылдары бұл бағытта үлкен өзгерістер болды. Ақпараттық технологиялар субъектілеріне жасалған жағдай мен жеңілдіктердің нәтижесінде мұндай кәсіпорындар мен жұмыс орындарының саны, қызмет көрсету экспорты артып келеді. Атап айтқанда, 2017 жылы республикада IT-компаниялардың саны 147 болса, қазір оның саны 1600-ге жетті. Жұмыс орындарының саны да қысқа мерзімде 10 есе өсіп, 24 мыңнан асты. 2017 жылы 600 мың АҚШ доллары көлеміндегі экспорт көлемі биылғы жылдың соңына дейін 300 миллион доллардан асады деп күтілуде.
Бүгінгі таңда My.gov.uz бірыңғай порталы арқылы 8 миллионнан астам тұрғындар мен кәсіпкерлер онлайн қызметтің 570 түрін пайдалануда.
Атқарушылық тәртіптің бірыңғай жүйесі – ijro.gov.uz арқылы мемлекеттік органдар мен оларға бағынышты органдармен 28 миллион құжат электронды түрде алмасылды.
Мемлекет басшысы бұл жүйе басшылардың санасы мен жауапкершілігін өзгерткеніне тоқталып, құжаттардың бірігуі мен сапасын арттыру, атқару тәртібін бақылауды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.
2022 жылы БҰҰ-ның Электрондық үкімет рейтингінде Өзбекстан 18 сатыға көтеріліп, 69-орынға тұрақтады. 2030 жылға қарай осы рейтингте алғашқы отыздыққа кіру үшін жыл сайынғы шаралар әзірленген.
Сондай-ақ, «Өзбекстан-2030» стратегиясында IT-қызмет пен бағдарламалық өнімдер экспортының көлемін 5 миллиард долларға дейін арттыру міндеті белгіленген. Ол үшін өңірлердегі ІТ-инфрақұрылым мен венчурлық нарықты дамыту, жергілікті кәсіпорындарды «жергіліктіден жаһанға» қағидаты арқылы экспорттау, Өзбекстанда халықаралық компаниялардың кеңселерін ашу сияқты көптеген шаралар қолға алынды. Осы мақсатта қосарланған салық салудың алдын алу, ІТ-парк аймағында Англия құқығын енгізу, тұрғындарға салық жеңілдіктерін 2040 жылға дейін ұзарту, жалпы алғанда бұл салада 100 жылдық жайлылық жасау ұсыныстары талқыланды.
Мемлекет басшысы ақпараттық технологиялар, туризм, инвестициялық әлеуетті қамтитын елдің интеграцияланған имиджін қалыптастыру жөнінде тапсырма берді.
Сондай-ақ презентацияда саладағы мамандандырылған білім беру туралы ақпарат берілді. Соңғы 3 жылда ІТ оқыту орталықтарының саны 300-ден асты. «Бір миллион бағдарламашы» жобасы аясында білім алып, сертификат алған жастардың саны 1 200 000-ды құрады. Өткен жылдан бастап халықаралық IT сертификаттары бойынша оқу құнының 50 пайызға дейінгі бөлігі төленді. 215 мың жас халықаралық онлайн курстарды бітіріп, сертификат алды.
Осыны жалғастыра отырып, келесі жылдан бастап жыл сайын 5 мың дарынды жасты іріктеу, оқыту және халықаралық еңбек нарығына дайындау жүйесі енгізілмек. Хорезм облысында «Әл-Хоразми мұрагерлері» жобасы бойынша оқыту басталады. Жалпы, халықаралық компаниялардың сұранысына сай бағдарламалар негізінде ІТ саласына 300 мың жасты оқытып, жұмысқа орналастыру жоспарлануда.
Осы жерде ғарыштық геоақпараттық жүйе арқылы су қоймалары мен жер қойнауын пайдалануды бақылау бағдарламасы туралы ақпарат берілді.
Мемлекет басшысы министрліктің «Узинфоком – Бірыңғай интеграциялаушы» кеңсесінде жасалған жағдаймен таныстып, мамандармен әңгімелесті.
– Сіздер қазіргі реформалардағы біздің ең сенімді күшімізсіз. Болашақта сіз сияқты мамандарға деген қажеттілік арта түседі. Әрбір сала мен өңір цифрлық технологиялармен үйлесім тауып дамымаса, ел дамымайды, – деді Шавкат Мирзиёев.
Осы жерде жасанды интеллект негізіндегі биометриялық сәйкестендіру, денсаулық сақтау саласын цифрландыру, электр қуаты бтллингі бойынша ақпарат берілді. Мемлекет басшысы әлеуметтік саланың, әсіресе, медицина саласының цифрлық жүйесін жетілдіріп, халықтың көңілінен шығу қажеттігін баса айтты.
Мемлекет басшысына Самарқанд облысының Нурабад ауданында құрылған «IT Village» туралы айтылды. Бұл кешен 1-9 сынып оқушыларын ақпараттық технологиямен таныстыру және оларға қызығушылықты арттыру, алғашқы дағдыларды меңгертуге бағытталған.
Мемлекет басшысы осындай кешендерді барлық өңірлерде құру туралы тапсырма берді.