Президенттің бастамасымен ұйымдастырылған Азия әйел-қыздар форумы өз жұмысын аяқтады

    Алдын хабарлағанымыздай, Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзияевтың Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 78-сессиясындағы ұсынысы негізінде 13-14 май күндері Самарқант қаласында “Әйел-қыздардың экономикалық, әлеуметтік және саяси құқықтары сондай-ақ мүмкіндіктерін кеңейту мәселелеріне аймақтық жанасу” тақырыбындағы Азия әйел-қыздар форумы өтті.

    Осы конференцияның екінші күнінде қатысушылар өзар тәжірибе алмасу, халықаралық ұйымдар мен қаржы институттарының осыған байланысты заманауи жанасуларын үйрену мақсатында “Әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жоюдың аймақтық жақтары: олардың мемлекеттің әлеуметтік экономикалық дамуына кері әсерлерін жоюбойынша превентивті іс-шаралар”, “ Аймақтағы беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымдардың әйел-қыздардың құқығы мен мүдделерін қоғаудағы озық тәжірибесі, практикалық және инновациялық жанасулары» сияқты тақырыптарда параллел сессияларына бөлінген түрде жұмысты жалғастырды.

    Форумға 30-дан астам шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан беделді қонақтар – Шығыс Азия, Оңтүстік-Шығыс Азия, Оңтүстік Азия және Орталық Азия елдері парламенттерінің әйел депутаттары, үкімет басшылары, шет мемлекеттердің еліміздегі өкілеттіктері және шетелдік ұйымдардың 40-тан астам өкілдері елімізде гендерлік теңдікті қамтамасыз ету жүргізіліп жатқан істерді жоғары бағалады.

    Шын мәнінде, әйелдердің мүдделерін, гендерлік теңдік пен отбасы тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері біздің еліміздің саясатының басым бағыттарының біріне айналған.

    Соның нәтижесінде әлеуметтік-саяси, экономикалық және рухани өмірімізге, маңызды қаулылар қабылдауға әйелдердің қатысуы айтарлықтай кеңейіп келеді.

    Қысқа уақыт ішінде сала қатысты халықаралық стандарттарға сай ұлттық заңдылық базасы қалыптасты, соңғы 5 жылда 80-нен астам нормативтік- құқықтық құжаттың қабылданғаны соның жарқын мысалы.

    «Әйелдер мен ерлердің тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілдіктері туралы» және «Әйелдерді қысым мен зорлық-зомбылықтан қорғау туралы» маңызды заңдар қабылданып, қолданысқа енгізілді.

    Сондай-ақ форумда Өзбекстан парламентінің жоғарғы және төменгі палаталарында, жергілікті Кеңес депутаттарының құрамында, атқарушы органдарда және әйелдер саны артып келе жатқаны, бүгінгі таңда әйел-министрлер, министр орынбасары, әкімдер мен әкім орынбасарлары, ірі беймемлекеттік бейкоммерциялық ұйымы басшылары лауазымындағы әйел-қыздар сыныпы пайда болғаны және жыл сайын олардың саны артып келе жатқаны ерекше атап өтілді.

    Гендерлік теңдік саясатын дұрыс жолға қою және оның толық орындалуын қамтамасыз ету мақсатында 2030 жылға арналған гендерлік стратегиясы қабылданды.

    Екі күнге созылған Форум аясындағы диалогтар барысында экономикалық, саяси және әлеуметтік өмірдің барлық салаларында әйелдердің белсенділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірленіп, осы бағыттағы іс-әрекеттер мен мүмкіндіктер сараланды.

    Сонымен қатар әйелдердің экономикалық құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтудегі кедергілерді жою және жаңа мүмкіндіктерді ашып беру, сонымен қатар еңбекке тең ақы төлеу мен Азиядағы әйелдер кәсіпкерлігі үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланып, алдағы міндеттер белгіленді.

    Форум соңында жүргізілген келіссөздер мен талқылаулар нәтижесі ретінде Самарқант декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Олий Мажлис Сенатының баспасөз қызметі.

    No date selected
    November 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    Use cursor keys to navigate calendar dates