Президент темір жол саласында атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде тұсаукесермен танысты

    Билік 6 Avgust 2024 751

    Президент Шавкат Мирзиёев 6 тамыз күні теміржол саласында атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы тұсаукесермен танысты.

    Өткен жылы 10 қазанда «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамын қайта құру туралы Президенттің қаулысы қабылданған болатын. Бұл процеске көмектесу үшін халықаралық консалтингтік компания да тартылды.

    Қоғам құрамында инфрақұрылым, тасымалдау қызметі, жолаушылар тасымалы сынды салалармен айналысатын 6 дербес кәсіпорын жұмысын бастады. Тиімсіз және артық тапсырмалар біріктіріліп, артық жұмыс орындары қысқартылды.

    Пойыздарға 1400 жаңа жүк және 45 жолаушы вагоны қосылды. Ішкі бағытта жүк жеткізу уақыты 2 есеге қысқарды. «Келес» станциясында қосымша 2 электрлендірілген жол салу арқылы пойыздардың Ташкентті айналып өту мүмкіндігі 30 пайызға өсті.

    Осы реформалардың нәтижесінде бұрын шығынмен жұмыс істеп келген «Өзбекстан темір жолдары» пайдаға көре бастады.

    Тұсаукесерде алдағы міндеттер мен шешімін күткен өзекті мәселелер қарастырылды.

    Кейінгі уақытта жолаушылар вагондарының жағдайы мен салқындату жүйесіндегі ақауларға қатысты шағымдар көптеп түсуде. 143 вагонды жөндеу қажет. 59 локомотив пайдалану мерзімін өтеген.

    Сондықтан жаңа жеңіл көліктер шығаруға Өндірісті дамыту қорынан 50 миллион доллар бөлініп отыр. Қытайлық серіктестермен 38 локомотив жеткізу және 12 электровозды жаңғырту бойынша 181 миллион долларға келісім жасалды.

    Шенеуніктер аталған қаражат есебінен пойыз паркін жаңарту жоспары туралы ақпарат берді.

    Шавкат Мирзиёев өткен жылы қарақалпақстандық сайлаушылармен кездесуде Ташкенттен Нөкіске жүрдек пойыз қатынайтынын айтқан еді.

    Ол үшін Оңтүстік Кореяның Hyundai Rotem компаниясынан 6 заманауи электр пойызы әкелінбек. Қазіргі таңда ұзындығы 465 шақырымды құрайтын Бұхара-Үргеніш-Хиуа теміржолы электрлендірілуде, оны жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Алдағы жылдары 196 шақырымдық «Мискин-Нөкіс» желісі электрлендіріледі. Нәтижесінде жолаушылардың діттеген жеріне жету уақыты 16 сағаттан 7 сағатқа дейін қысқарады.

    Тұсаукесерде акционерлік қоғамға тиесілі материалдық емес активтерді жекешелендіру, қызмет көрсету сапасын арттыру және экспортты арттыру мәселесі бойынша да тапсырмалар берілді.

    No date selected
    August 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates