«Елімізде халық ойындары мен ұлттық ойындарды және ұлттық цирк өнерін дамыту, оны әлемдік деңгейде кең бұқараландыру жұмыстары жүргізіліп жатқаны белгілі. Әсіресе, шабандоздық, ылақ тарту, көкпары, дарда жүру, мергендік, садақ ату, тас көтеру сияқты ұлттық ойындарына ерекше көңіл бөлінуде.
Осы іс-шара аясында этноспорт және халық ұлттық ойындарының көрмелері арқылы шараға келген жергілікті халық пен туристер ұзақ тарихқа ие этноспорт ойындарымен танысу немесе еске алу мүмкіндігіне ие болды», — деді Туризм және мәдени мұра министрінің орынбасары Бахтиёр Ибрагимов.
«Бүгінгі фестивальғв Қоқан қаласы текке таңдалған жоқ», - дейді Туризм және мәдени мұра министрлігінің басқарма басшысы Заррина Абдуллаева. – Өйткені мұнда бұрыннан халық сейілдері өткізіліп келген. Сондай-ақ, бұл өңірде ұмыт болған ұлттық ойындар қайта жаңғырып жатыр. Дарда жүру, цирк өнері өте дамыған. Қоқанда цирк өнерін әлемге танытып жүрген балуандарымыз бар. Жалпы, Ферғана, Қоқан – ұлттық халық ойындарына бай өлке.
Айта кетейік, фестивальға Өзбекстанның барлық аумақтарынан, сондай-ақ Қырғызстаннан да қатысушылар қатысты, деп хабарлайды Туризм және мәдени мұра министрлігінің баспасөз қызметі.
Этноспорт – дәстүрлі ойындардың шынайылығын сақтап қалу мен заман талабына сай сәйкесендіру мүмкіндігін беретін спорт шараларының бір түрі. Этноспорт туризм мен спортты дамытудың баламалы түрі болып, салаларды тікелей дамытумен қатар ұлттық ойындардан құралған бай мұрамызды сақтауды көздейді. Сонымен қатар халық арасында салауатты өмір салтын ұстану маңызды.
Сондай-ақ этноспорт мәдени әралуандықты сақтауда және қолдап-қуаттауда қоғам арасында көпір міндетін атқарып әлем қауымдастығындағы ауызбіршілік пен шынайы қарым-қатынас, халықтар, мемлекеттер, мәдениеттер мен жеке адамдар арасындағы байланысты нығайтуда, бейбітшілік іс-әрекеттерін шабыттандыруда, сондай-ақ Қоқан қаласында ішкі және шетелдік туристердің ағынын арттыруға қызмет етеді.