Кездесуде болашағы зор салалардағы ынтымақтастық мәселелері, оның ішінде білім беру және IT-кәсіпкерлік саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Атап өтілгендей, бүгінде Өзбекстанда шетелдік IT-компаниялар мен IT мамандары үшін барлық қажетті жағдай жасалған. ІТ-парктің резиденттері болып табылатын шетелдік IT-компанияларға инфрақұрылымдық және салықтық жеңілдіктер беріледі. Шетелдік ІТ мамандары мен олардың отбасы мүшелеріне виза алудың жеңілдетілген «IT Visa» жүйесі енгізілді.
Кездесу барысында компанияның қатысуымен кадрлар біліктілігін арттыру, салаға инвестиция тарту, жаңа телекоммуникациялық технологиялар мен қызметтерді енгізу мәселелеріне назар аударды.
Тараптар АКТ саласында ынтымақтастық жасау және болашақтағы ынтымақтастықты жолға қою мәселелері бойынша пікір алмасты.
Сонымен қатар, өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейту мақсатында АКТ министрлігі компанияға Өзбекстанда аймақтық өкілдігін ашу туралы ұсыныстар енгізді, деп хабарлайды Ақпараттық технологияларды және коммуникацияларды дамыту министрлігінің баспасөз қызметі.