Сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру Концепциясы қабылданды

    Ағымдағы жылдың 27 майда Орталық сайлау комиссиясының мәжілісі өтті.

    Өзбекстан Республикасының «Өзбекстан Республикасының кейбір заң құжаттарына сайлау және референдум өткізу тәртібін одан әрі жетілдіруге бағытталған өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы» 2023 жығы 18 декабріндегі Конституциялық заңына сәйкес мәжілісте Орталық сайлау комиссиясының жаңаланған регламенті сондай-ақ Аймақтық сайлау комиссиялары туралы ереже жобалары қаралды және бекітілді.

    Елімізде орталықтандырылған сайлау комиссиялары жүйесінің қалыптасуын ескере отырып, олардың мүшелерін сайлау заңдылығына енгізілген жаңа нормалар бойынша біліктілігін арттыру басты міндет саналады. Осыған байланысты мәжілісте сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруды ұйымдастыру Концепциясы қабылданды. Концепция жобасын талқылауға тиісті министрліктер мен кеңселердің, оқу орындардың басшылары мен өкілдері де қатысты.

    Сондай-ақ мәжілісте Орталық сайлау комиссиясының 2024 жылдың бірінші жарты жылдық іс жоспарында белгіленген міндеттердің 1-тоқсан қорытындылары бойынша атқарылуы талқыланды. Жұмыс жоспарында белгіленген міндеттердің толық және сапалы орындалуын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

    Мәжілістің күн тәртібіндегі мәселелері бойынша тиісті қаулылар қабылданды, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметі.

    No date selected
    July 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates