Шараға Сенаттың Жастар, мәдениет және спорт мәселелері комитеті төрағасының орынбасары Дилором Ташмухаммедова, Сенат құзырындағы Жастар парламентінің төрайымы Мохистара Мухаммадюнусова, тағы басқа мүшелері, Ішкі істер министрлігінің өкілдері қатысты.
Шараны Дилором Ташмухаммедова кіріспе сөзбен ашып берді. Сенатордың айтуынша, бұл меморандум болашақта жастар мәселелері бойынша жүзеге асырылған реформалар мен бастамаларды қолдап-қуаттауда Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі жас қызметкерлер мен Жастар парламенті мүшелерінің ынтымақтастығын нығайтып, алдағы істерде нәтижелілігін арттыруда өзара жоспар мен мақсаттарды сәйкестендіруде маңызды рөл атқарады.
Шара барысында Олий Мажлис Сенаты құзырындағы Жастар парламентінің төрайымы Мохистара Мухаммадюнусова да сөз сөйлеп, Ішкі істер министрлігі жүйесіндегі жас қызметкерлердің мемлекеттің өркендеуі, оның ертеңгі күні үшін өз үлестерін қосуда аталмыш меморандум мен біріккен бағдарламалардың орны ерекше екенін айтты.
Ынтымақтастық туралы меморандумнан тыс, шара барысында 5 маңызды бағыт, гендерлік теңдік және әйелдер, ғылым-білім, мәдениет және кітапсүйерлік, цифрлық технологиялар мен инновациялар, жастар құқығы мен заңдылық, туризм, спорт, салауатты тұрмыс салты және әлеуметтік қорғау бағыттары бойынша да жылдық біріккен бағдарламаға да қол қойды.
Өзбекстан Республикасы Олий Мажлисі Сенатының Ақпарат қызметі.