Мемлекет басшысын әуежайда Қазақстан Премьер-Министрі Ә.Смайылов және басқа да ресми тұлғалар күтіп алды.
13-14 қазан күндері Астанада екі саммит – Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Мемлекет басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Президент оларға қатысып, сөз сөйлейді.
Саммиттердің күн тәртібінде өзара сауданы ұлғайту және өнеркәсіптік кооперация жобаларын ілгерілету, тиімді көлік коммуникацияларын қалыптастыру, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және климаттың өзгеруіне қарсы күрес мәселелері қаралды.
Сапар аясында Өзбекстан Президенті серіктес елдер делегацияларының басшыларымен екіжақты кездесулер мен көпжақты келіссөздер жүргізеді.