Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласындағы индустриялы технопарктің жұмысымен танысты

    Президент Шавкат Мирзиёев Ташкент қаласындағы «Янгихаёт» индустриялық технопаркіне барды.

    «Янгихаёт» ауданында 184 мыңнан астам халық тұрады. Кейінгі жылдары мұнда көптеген жаңа үйлер салынып, азаматтар қоныс аударды. Олар үшін жақын маңда жұмыс орындарын ашуға ерекше назар аударылуда.

    2021 жылғы 4 ақпандағы Президенттің шешімі негізінде құрылған «Янгихаёт» технопаркі осы мақсатта іске асырылған жоба. Шавкат Мирзиёев 2022 жылы құрылыс алаңында болып, болашақ жобалармен танысқан еді. Технопаркке 110 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда мұнда құны 101 миллион доллар болатын 8 кәсіпорын іске қосылып, 520 жұмыс орны ашылған.

    Мемлекет басшысы сол кәсіпорындардың кейбірінің жұмысымен танысты.

    Мәселен, «Алмерро Груп» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Krember» брендімен кондитерлік өнімдер шығарады. Бұл үшін 3 гектар жер бөлініп, 22 миллион доллар инвестиция салынған. Италия, Испания және Түркиядан әкелінген заманауи технологиялар орнатылған. Кәсіпорында жылына 320 миллиард сумға тең 80 түрлі кондитерлік өнім шығару көзделген. Өнімдердің 15-20 пайызы Қытай мен ТМД елдеріне экспортталады.

    Құны 21 миллион долларлық «Vera Modern Elektrical» кәсіпорны 600 түрлі кабель және сым өнімдерін шығарып, 4 миллион долларлық экспорт әлеуетіне ие. Маңыздысы, өнімдердің 35-40 пайызы импортты алмастырып, жергіліктендіру деңгейі 70 пайызға жетеді.

    Президент кәсіпорындардың өнімдерімен танысты.

    – Кейінгі жылдары кәсіпкерлерге жасалған жағдай бүгін өз нәтижесін беруде. Біздің іскер азаматтар осындай алуан түрлі және сапалы өнімдер шығарып жатыр. Бұл мүмкіндіктерді жыл сайын кеңейтетін боламыз. Себебі кәсіпкер – экономиканың тірегі, мемлекеттің арқа сүйер күші, – деді Президент.

    Шавкат Мирзиёев өндіріс үшін дайын ғимараттар салу жобасымен де танысты. Технопарк аумағында «Mimar Group» компаниясы екі қабатты кешен салып, шағын кәсіпорындар мен қолөнершілерге мерзімді төлем негізінде сатуда. Бұл ғимараттарда өндіріс алаңдары мен көрме залдары болады.

    Қазіргі таңда осындай ғимараттарда жалпы құны 3 миллион доллар болатын 4 жоба – есік-терезе, тоқыма бұйымдары, құрылыс профилдері мен күн панельдері өндірістері жұмыс істей бастады.

    Президентке технопарктің болашақ жоспарлары туралы ақпарат берілді. Атап айтқанда, құрылыс материалдары, электротехника, логистика және қызмет көрсету, тоқыма өнеркәсібі мен азық-түлік өндірісі сияқты салаларда құны 386 миллион доллар болатын 46 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұдан бөлек, технопарк кәсіпорындары үшін мамандар дайындау мақсатында дуалдық оқыту жүйесі енгізіледі.

    Жалпы, технопаркте 2025 жылы құны 235 миллион долларды құрайтын 37 жоба, ал 2026 жылы құны 50 миллион доллар болатын 1 жоба іске қосылады. Нәтижесінде 10 мың жаңа жұмыс орны және 35 миллион долларлық экспорттық әлеует қамтамасыз етіледі.

    Соңғы он айда «Янгихаёт» ауданында 3 мыңнан астам адам тұрақты жұмысқа орналасып, 6 мың өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат тіркелген.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates