Бұл шараларды жүзеге асыруда әлемнің озық елдерінде шығарылған ең соңғы маркалы 5 түрдегі емдеу-диагностикалық құрал-жабдықтарының көмегі мол.
«Соңғы екі жылда жедел медициналық көмек қаражатынан ЭОП, коагулятор, цифрлық рентген, лапароскоптық ЭФГДС, көп функциялы операциялық үстел, ИВЛ, «Науқастың мониторингі», «Дозатор» сияқты медициналық аппараттар мен жабдықтар әкелінді , – дейді аумақтық бөлімнің директоры Санжар Худойбердиев. — Бұл медициналық қызметтің сапасын одан әрі арттыруға, қызмет түрлері мен емдеу әдістерін арттыруға мүмкіндік береді.
Өткен жылы облыстық филиалға 44 мың 538 азамат көмек сұрап жүгінсе, биылғы жылдың өткен кезеңінде 6 мың 482 азамат денсаулығына шағымданған. Оның 16 мың 814-і стационарлық жағдайда емделсе, 5 мың 625-і оперативті әдісте медициналық көмек көрсетілді.
Худойбердиев.— Аумақтық бөлім қызметкерлері тарапынан, соңғы бір жылда каминвазивті түрдегі хирургиялық тәжірибе жолға қойылып, 750-ге жуық азаматқа көмек көрсетілді. Біз мұнымен шектелмейміз, —дейді С. Худойбердиев. – Елімізде жасалып жатқан жоғары технологиялық хирургиялық операцияларды аймақтарға кезең-кезеңімен енгізу мақсатында шеберлік сабақтары ретінде тәжірибелерді қолға алдық. Ақалтын, Сардоба, Хауас және басқа да аудандар мен қалаларда жүргізілген тәжірибелер барысында 100-ден астам азаматқа көмек көрсеттік.
Сырдарияда медицинадағы реформалар адам қадірі үшін ұранымен алыс-жақын аудандарда осындай игі шаралар жүзеге асып, халыққа көмек көрсетілуде.
Ғұлам Примов,
Сырдария ауданы
Денсаулық сақтау басқармасының
баспасөз хатшысы.