Салыққа қатысты құқықбұзушылықтар үшін қаржылық санкцияларды тек сот қолданады

    Президенттің Жарлығымен «Өзбекстан – 2030» стратегиясы бекітіліп, оны 2023 жылы дер кезінде әрі сапалы жүзеге асыру туралы Президент қаулысы қабылданды.

    Осы қаулыға сәйкес, 2023 жылдың 1 октябрінен бастап кәсіпкерлерге мөлшері 10 миллион сумнан жоғары болған салыққа қатысты құқықбұзушылықтар үшін, егер кәсіпкерлік субъекті құқықбұзушылықты жоққа шығарса, қаржылық санкцияларды тек сот тәртібімен қолдану тәжірибесі орнатылады.

    2024 жылдың 1 январьдан төмендегі тәртіптер енгізіледі:

    ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге өнімді сақтандыруда сақтандыру сыйлықақысының 50 пайызы мөлшерінде субсидия беру;

    «Ғылыми-зерттеу және дамыту» орталықтары үшін олар құрылған күннен бастап 3 жыл мерзімге мүлік салығы мен жер салығы бойынша есептелген сумманың 1 пайызын төлеу, ал олардың қызметкерлері үшін әлеуметтік салық төлемін 1 пайыз мөлшерде есептейді;

    мемлекеттік үлес 50 пайыздан жоғары болған ұйымдар әр жылы іске асыратын инвестициялық жобалар құнының кемінде 5 пайызын облигациялар шығару арқылы қаржыландыру.

    2024 жылғы 1 январьдан жеке және заңды тұлғаларға ҚҚС-ты толық қайтару жүйесі төмендегілер есебінен кеңейтілетін болады:

    шетелдік туристерге – Өзбекстанның халықаралық әуежайларында Өзбекстанда сатып алынған және «Tax free» жүйесі ресмилендірілген өнімдер үшін;

    туроператорларға - шетелдік контрагенттермен жасалған шарттар шеңберінде көрсетілетін экспорттық қызметтер үшін.

    2023 жылғы 1 ноябрьден бастап:

    оң экологиялық сараптама қорытындысын алмаған нысандарына қатысты қаржыландыру, несиелендіру және басқа да қаржылық операцияларды тоқтату механизмі енгізіледі;

    экологиялық құқықбұзушылықтар жасаған тұлғаларға келтірілген зиянды өтеумен қатар, бүлінген табиғи объектіні қалпына келтіру және белгілі бір мерзімде оның қорғалуын қамтамасыз ету міндеті жүктеледі.

    2024 жылдың 1 январынан:

    республиканың ұзақ мерзімді су балансын болжамын жүргізу, су ресурстарын үнемдеу бағдарламаларын қабылдау тәжірибесі жолға қойылады;

    Қарақалпақстан Республикасы және Хорезм облысының ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеушілерге суды үнемдейтін технологияларды енгізу үшін несиелер 10 пайыз ставкада (пайыз ставкаларын субсидиялау есебіне) бөлінеді.

    No date selected
    December 2024
    1
    2
    3
    4
    5
    6
    7
    8
    9
    10
    11
    12
    13
    14
    15
    16
    17
    18
    19
    20
    21
    22
    23
    24
    25
    26
    27
    28
    29
    30
    31
    Use cursor keys to navigate calendar dates