баннер
1 Apr 2025
11:54

    Сатушылар тауарды жеткізіп беру мерзімінен кешіктіргені үшін пения төлеуі мүмкін

    Заң жобасында сатушы тұтынушыларға тауарды шартта көрсетілген мерзімде жеткізбесе, міндеттеменің орындалмаған бөлігі үшін пения төлейтіні қарастырылған.

    Заң шығару палатасының депутаттары тарапынан «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Өзбекстан Республикасының Заңына қосымша енгізу туралы» заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

    Бұл заң жобасында сатушы тұтынушыға келісімшартта көрсетілген мерзімде жеткізбесе, міндеттеменің орындалмаған бөлігі үшін пения төлейтіні көзделуде.

    Пенияның жалпы сомасы жеткiзiлмеген тауар бағасының 100 пайызынан аспайтыны, ал пения төлеу келісімшарттағы мiндеттемелердi бұзған тарапты тауарды жеткізіп беру мерзімін кешіктіргені, толық жеткізіп бермеу салдарынан келтiрiлген зиянды өтеуден босатпайтыны белгіленуде.

    Сонымен қатар, егер сатушы тұтынушыға тауарды жеткізудің кешіктірілуіне тұтынушының кінәсінен болғанын дәлелдесе, онда пения төлеуден босату қарастырылған.

    Заң жобасының қабылдануы халықтың заңды мүдделерін тұтынушы ретіндегі құқықтарын қорғауға және алды-сатты келісімшартына орай сатушының шартына сәйкес келісілген мерзімде тауарды тұтынушыға жеткізбеуі сияқты жағдайлардың алдын алуға қызмет етеді.

    Мы в Телеграм
    Text to speech